Жұлдызды жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын хабарлады

  • Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын хабарлады

    Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын хабарлады

Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты құпияның шетін ашты. Әнші күйеуімен ажырасып кеткенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Мөлдір Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сұрақ-жауап ұйымдастырды. Әнші "Тұрмыстасыз ба?" деген сауалға: "Жоқ" деп жауап берді.

Екінші некесі де сәтсіз аяқталған әнші жолдасын кешіргенін мәлім етті. 
Әуелбекова жалғызбасты ана болудың қаншалықты қиын екенін айтып, шағымданған оқырманына кеңесін айтты.

 "Мен ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі менде басқа амал жоқ... Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек. 

Сіз де құлазымаңыз! Еш мойымаңыз! Алла көтере алмайтын сынақ бермейді! Өміріңіздің әрбір сәті тек Алланың қалауы! Шүкір, тәубе етіңіз! Алла жар болсын", - деп жазба қалдырды ол. 

Мөлдір болашақта сахнадан кететінін хабарлады.

Айта кетейік, әнші 2020 жылы екінші рет тұрмыс құрған болатын. Әуелбекова 2021 жылдың маусым айында қыз баланы дүниеге әкелді. Әншінің бір ұл, бір қызы өсіп келеді.




Көрілген: 1032    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.11.2021, 01:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31