"Мүлде танымайтынмын, таңдау болмады": Белгілі продюсер Арман Дәулетияров жарымен қалай отасқанын айтып берді

"Мүлде танымайтынмын, таңдау болмады": Белгілі продюсер Арман Дәулетияров жарымен қалай отасқанын айтып берді

Танымал ресейлік медиаменеджер, продюсер Арман Дәулетияров Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында жарымен қалай танысқаны туралы айтты. Сөзінше, ол жарын білмесе де ата-анасы құдаластырғасын үйленуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер өзін ата-анасы үйлендіргенін жасырмады.  

“Жұбайым Өзбекстанда туған. Мен оны алғаш рет оның үйіне қонаққа келгенде көрдім. Маған жан жағыңа қара егер саған ұнаса біз сендерді үйлендіреміз деді. Оны мүлде танымайтынмын, менде таңдау болмады. Менің жасым 33-те болды. Анам маған немеремді көріп кеткім келеді дейтін. Оның үстіне қай жерде болсын тұрмысқа шықпаған қыздардың ортасында жүрдім. Тіпті анам олар кездейсоқ қонаққа келгендей қылып ұйымдастырып қоятын. Ал соңында шынымен бір шешім жасау керек болды”,- деді Дәулетияров. 

Продюсер жарымен алғаш кездесіп, сөйлескен сәтін есіне алды.

“Сол күні мен жолдан кейін шаршап, шалдыққан түрмен қонақүйде болдым. Бір кезде әпкем есігімді қағып бізді құдаластырып қойғанын айтты. Ал мен “келісімімді бермедім ғой қалай” деп таңқалдым. Ол болса қалыңдықтың мені төменде күтіп отырғанын, менімен кездескісі келетінін жеткізді. Сөйтіп екінші қабаттан жайлап сығалап қарасам ол кең етекті көйлекпен тұр екен. Тіпті сол кезде ол бірден той көйлегін киіп келген бе деп те шошып кеткенім бар. Сөйтсем ол құрбысына қызжолдас болып, жолда маған соға кеткені екен”,- деп күле еске алды.

Дәулетияров ол кезде жары екеуінің біршама жас айырмашылықтары болғанын жасырмады.  

“20-дан енді асқан бойжеткен. Ол “бәрін түсінемін, бірақ неге маған үйленбекшісіз”,- деді. Мен де ештеңені жасырмай, ата-анамның қалауы екенін айттым. Ол қаншалықты қысылып түрлі сұрақтар қойған сайын, соншалықты менің көңіліме сенім ұялата бастады. Солай бір сағат отырдық. Ол маған ештеңе айтпай, кетіп қалды. Кейін келісімін беріпті. Екі жақ той уақытын да тамыз айына белгілеп қойды”,- деп қосты ол.

Продюсерге достары да танымайтын адамға үленудің үлкен жауапкершілік екенін талай ескерткен екен. Тіпті өзінің де үйленбеймін деген шешімге келген кездері болған.

“Бір айдан соң ол Мәскеуге көйлек алуға келді. Сол кезде мейрамханада кездесіп сөйлестік. Кейін мен анама хабарласып үйленбейтінімді айттым. Өзіме мұндай жауапкершілік алып, ол адамның өмірін бұза алмайтынымды жеткіздім. Сөйтсем ол да өз әке шешесіне маған тұрмысқа шықпайтынын айтыпты. Сонымен үлкен бір толқудан соң бізді олар қалайда үйледірді”,- деп қосты Арман. 

Продюсер үйленген алғашқы жылдарда өзіне өте қиын болғанын жасырмады.

“Той кезінде ішімнен ақымақ не бүлдірдің дегенім есімде. Ал жарыма екі есе қиын болды. Себебі ол танымайтын ортада басқа қаладан келген. Ешқандай танысы, туысы болмады. Оның үстіне менің жұмысым белгілі ғой, шоу-бизнесте барлығы құшақтасып амандасқанда үйге үсті басыма далабтар жұғылып, келетінмін. Міне қазір үйленгенімізге 20 жыл болды. Бес баламыз бар. Шаңырағымыздың берік болуы бірінші кезекте оның арқасы”,- деп қосты Дәулетияров. 

Медиаменеджердің сөзінше, бәрібір де салт-дәстүр ұзақ әрі берік шаңырақтың кепілі болған екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста