Жұлдызды жаңалықтар

"Муз-ТВ" сыйлығында қызыл кілеммен бірінші болып жүріп өткен Димаш Құдайбергенов елді таңқалдырды

  • "Муз-ТВ" сыйлығында қызыл кілеммен бірінші болып жүріп өткен Димаш Құдайбергенов елді таңқалдырды



Әлемдік танымалдылыққа ие қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бірінші болып "Муз-ТВ" сыйлығында қызыл кілеммен жүріп өтті. Әртістің жанкүйерлері оны ыстық ықыласпен қарсы алып, қзақ уақыт бойы оның атын айқайлап тұрды, деп хабарлайды Stan.kz


Димаш Құдайберген биылғы "Муз-ТВ" музыкалық сыйлығын табыстау рәсімне арнайы шақыртылған қонағы болды. Салтанатты рәсім үшін ол ерекше киім үлгісін таңдаған. Димаш кілемше бойымен өте сәнді сұр костюммен жүріп өтті. Пиджакта оның атының (Di) бірінші әріптеріне "айналатын скрипкалы кілт бейнесіндегі кесте тігілген. 

Әртіс бірінші кезекте оның атын айқайлаған жанкүйерлерге жақындап, өз қолтаңбасын берді.


"Димаш-жас әртіс болғанымен, жанкүйерлеріне алғыс айтып, қолтаңба беруді жақсы біледі. Мені байқағаныңызға рахмет", - деп әзілдеп қарсы алды тележүргізуші Максим Галкин.


Галкин Димашатан "Муз-ТВ" сыйлығынан не күтетінін және әнші дайындыққа қанша уақыт жұмсайтынын сұрады.


"Ұйымдастырушыларға шақырғаны үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Күн шуақты Қазақстаннан үлкен сәлем бергім келеді. Мен сәл жауап беруге қиналамын (жаттығу уақыты бойынша – ред.), өйткені әр жолы әр түрлі. Орта есеппен, бір-екі сағат", - деп жауап берді Димаш.


 



Сондай-ақ, Максим Галкин Димаштан халықаралық байқауларда жеңіске жету үшін не қажет екенін сұрады.


"Менің ойымша, ең бастысы - музыканы, көрермендерді және сен не істеп жатырсың соны сүю керек", - деп өз құпиясымен бөлісті қазақстандық әнші.


Айрықша айта кететін жайт "Муз-ТВ" телеарнаның ресми парақшасында "Биылғы шоуға Димаш Құдайберген қатысатын болса, ұмытылмастай болып өтетіні анық", - деп жарияланған еді.  


 



Сонымен қатар, " Голос.Дети" жобасының биылғы жеңімпазы, қазақстандық жас әнші Ержан Максим де "Муз-ТВ" сыйлығын табыстау рәсіміне қатысып, қызыл кілеммен жүріп өтті. 


 



 

 




Көрілген: 1149    Пікірлер: 0

сенбі, 08.06.2019, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30