Жұлдызды жаңалықтар

«Назарбаеқа алтыннан ескерткіш қойса, артық болмайды» - Балғынбек Имашев (ВИДЕО)

  • «Назарбаеқа алтыннан ескерткіш қойса, артық болмайды» - Балғынбек Имашев (ВИДЕО)

    «Назарбаеқа алтыннан ескерткіш қойса, артық болмайды» - Балғынбек Имашев (ВИДЕО)

Қоғамда салмағы бар айтыскер ақындардың бірі Балғынбек Имашев Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында елбасының атқарған еңбектерін елеп-ескеру керектігін айтты. Тіпті, ол кісіге Түркіменбасшы Сапармұрат Ниязовтікіндей етіп алтыннан ескерткіш орнатса да болатынын меңзеді, деп жазды paryz.kz.

"Елбасымыз тақыр жерге мемлекет құрды. Анау Керей-Жәнібектен бастап, хандарымыздың әрқайсысының орны бар. Бір кезде таланған, алданған, қырылған, амалдың жоқтығынан біреудің бодандығына өткен шығармыз. Бірақ хандарымыздың ешқайсысына топырақ шашпаймыз. Әрқайсысы Алла тағдырына жазып қойған тарихи миссиясын орындап кетті. Ал елбасының үлкен миссиясы - қазақтың етек-жеңін жиып, бұрын-соңды болмаған шекарамызды шегендеп бекітіп, сыртқы саясатымызды қалыптастыруы", - деген пікірде Балғынбек Имашев.

Оның айтуынша, қазір бір елшілік құру және бір елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнату да оңай емес. Сондықтан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей, Қытай сынды алпауыт мемлекеттердің ортасында отырып, Қазақстанды әлемге танытқан еңбегі өлшеусіз екен.

"Астананы Ақмолаға көшіріп бергенінің өзі үшін ол кісіге алтыннан ескерткіш қойса, артық болмайтын еді. Сапармұрат Ниязовқа қойып қойды ғой... Бірақ ол ескерткішті қоюды мақұлдамаймыз ғой енді. Өлгеннен кейін де қоюды мақұлдамаймын. Бірақ сондай лайықты еңбек деп бағалаймын өз басым", - дейді ақын.




Көрілген: 3950    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 14:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31