«Не жаздым, жаным, саған?»: Өктем Алтаев өзін тастап кеткен ғашығы жайлы айтты

«Не жаздым, жаным, саған?»: Өктем Алтаев өзін тастап кеткен ғашығы жайлы айтты

Осыдан 30 жыл бұрын жарыққа шыққан бұл әннің тарихы көпке бәймәлім. Аталған хиттің авторы Өктем Алтаев бұрын-соңды ешбір жерде айтылмаған құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Экспресс К.

Не жаздым мен, жаным, саған?

Қарамастан кеттің маған,

Айлы түннiң шуағына шомылып...

Дәл осы өлең жолдарымен сәтті үйлескен әуен әлі күнге дейін елдің есінде. Әсіресе, 90-шы жылдардағы жастарға жақсы таныс. Аталған хиттің сөзін де, музыкасын да жазған Өктем Алтаев.

«Не жаздым мен, жаным, саған?» — автордың өзінің баянсыз махаббатынан туған туынды.

Өнерпаз Өктем 1985-1987 жылдар аралығында отан алдындағы борышын өтеп, отбасына оралады. Кейін 1989 жылы Шымкенттегі мәдениет институтына оқуға түседі. Ағайынды Алтаевтардың ең кішісі, яғни Өктем ғана бойдақ. Анасы төрт ұлдың кенжесін үйлендіру үшін жақын достарының қызымен таныстырады. 20 жастан асса да ешбір бұрымдыға сөз айтып, көңіл білдіріп көрмеген Өктем ол қызды бірден ұнатып қалады. Міне, «Не жаздым мен, жаным, саған?» әнінің кейіпкері сол бір ару еді.

«Сол қызбен кездесіп жүрдік. Мен оны ұнаттым, ол да қарсы еместігін білдірді. Айдың жарығында сырласатынбыз. Әннің мәтінінде де: «Айлы түннің шуағына шомылып...» деген өлең жолдары бар ғой. Сөйтіп жүріп ол қыз қыркүйек айында Алматыға оқуға кетті. Кейін бір-екі рет хат жаздым. Ол қараша айында туған күніне шақырды. Мен бара алмадым. Өйткені қалтамда ақша жоқ, аяғымда қыстық етік болмады. Содан біраз уақыттан кейін Алматыға бардым. Ол қыз өзгерген, сезімі суыған. Мүлдем басқа адам. Себебін сұрағанымда, «жігітім бар» деп айтты. Сол сәтте менің төбемнен су құйғандай болды. Аузыма құм құйылып, көзім қарауытып, «нокаут» алдым. Қызды жатақханасына қалай жеткізіп салғанымды білмеймін. Негізі, мен оған қатты сеніп, сол қызбен болашақ өмірімді байланыстырып, жүрегіме сіңіріп қойған едім. Содан қатты күйзеліске түстім», — дейді Өктем Алтаев.

 

Ғашығынан көңілі қалған өнерпаз жігіттің ауыр күйзелісі үш жылға, яғни 1989-1992 жылдар аралығына дейін жалғасқан. Әбден құса болған Өктемнің көзіне басқа қыз көрінбейді, ешкімді ұнатпайды. Сол бір кезеңде композитор «Не жаздым мен, жаным, саған?» әнінің әуені мен сөзі қатар туғанын айтады. Бірақ кеудеде пісіп жатқан шығарма жарыққа ән болып шықпағанымен, 1993 жылы ғана толық нұсқасын автор тыңдарманға ұсынады.

Бірнеше жыл өткенен кейін Өктем Алтаевтың қалаға кеткен сүйіктісі Алматыдағы оқуын аяқтап, Шымкентке келеді. Бұрынғы ғашықтар қайта кездесіп, өткенді еске алады. Ол кезде әлгі қыз қателігін түсініп, басынан өткен оқиғаның барлығын еш бүкпесіз баяндап береді.

«Ол қыз өкінді, жалынды, кешірім сұрады. Ол кезде бәрі кеш еді. Менің отбасым бар. Мен үйленді дегенді естіген кезде оның да төбесіне жай түскендей болыпты. Негізі ол қыз қалаға барған кезде үшінші курста оқитын әккі жігіт "мен сені жақсы көремін" деп өзіне қаратып алған. Тіпті үйленетінін айтып, ауылдан барған қарапайым қызға уәдесін үйіп-төккен. Ал мен 20 жасқа дейін қыздың қолынан ұстап, ернінен сүйіп көрмеген жігіт едім. Сол тәжірибелі жігіт ол қызды алдап, уақытша пайдаланып жүрген екен. Сөйтсе, әлгі әккі жігіттің ауылда келіншегі, екі баласы бар болып шыққан. Қызды жылатып, өз отбасына, яғни ауылына қайтып кетеді. Сонымен ортада ән ғана қалды ғой», — дейді автор.

Десек те, Өктем жазған өкінішке толы туындының қуантарлық тұстары да бар екен. Бұл ән бір-біріне ынтық қыз-жігіттердің нағыз гимніне айналыпты. Автордың басынан өткерген баянсыз махаббатына арқау болған ән кейін талай ғашықтарды табыстырған көрінеді.

 

«Жалпы, «Не жаздым мен, жаным, саған?» әнінің арқасында қаншама жастар қосылған ғой. Қанша жігіттер бұл әнді қыздың есігінің алдында, терезенің түбінде серенада сияқты қылып айтып, сүйгенін өзіне қаратып алған. Былайша айтқанда, менің бақытсыздығым қанша адамның бақытты болуына септігін тигізді. Бұл мені қуантады», — дейді әнші.

Осылайша, Өктем мен бұрынғы ғашығының махаббат хикаясы аяқталады. Ал сол бір жылдары өнерпаз жігітті қалың күйзелістен шығарған жалғыз жан — қазіргі жұбайы. Ол Алтаевты өзіне ғашық етіп, өмірге деген құштарлығын қайта оятыпты.

«Жұбайым «Не жаздым мен, жаным, саған?» әні арналған қыздың есімін айтқанымды қатты ұнатпайды. Бұл әннің тарихы туралы айтылатын телебағдарламаларға да әйелім қарсы. Жұбайымның айтатыны: «сені қадірлемеген, сенің сезіміңді аяққа таптаған қызға осылай ән арнауға ол қыз лайықты емес» деді. Мұның бәрі өткен шақтың еншісінде. Қазір мен бақыттымын. Сүйіп қосылған жұбайым, бала-шағам және немерем бар», — дейді Өктем Алтаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста