Жұлдызды жаңалықтар

«Нұр-Мұқасан» дуэтінің экс-солисі басшылық қызметке тағайындалды

  • «Нұр-Мұқасан» дуэтінің экс-солисі басшылық қызметке тағайындалды

    «Нұр-Мұқасан» дуэтінің экс-солисі басшылық қызметке тағайындалды

Пандемия кезінде той азайып, әншілердің қызметке тағайындалуы жиіледі. Жақында тағы бір әнші басшылық қызметке келді деп жазды BAQ.KZ.

«Нұр-Мұқасан» дуэтінің экс-солисі, осы күні жеке әнші болып жүрген Мұқасан Шахзадаев «Алматы әуендері» мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.

Мұқасан Шахзадаев - 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған. Танымал эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін бітірген. 

1990 жылы «Нұр-Мұқасан» дуэтін құрып, сол топта осы 25 жыл өнер көрсетті. Кейіннен сахнадағы әріптесі Нұрлан Қонысбаев екеуі екі жаққа кетті.
Айта кетейік, соңғы кездері өнер адамдарының қызметке тағайындалуы жиілеп кетті. Тіпті бәрін бірден еске түсіру де қиын.

Мысалы, «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директоры қызметіне кіріскен. Ол жақта тағы бір әнші Ақбота Керімбекова да бар. «Аппақ гүлдер» деп әндеткен Ақбота Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары.

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы болып отыр. Ал танымал цирк әртісі Мұрат Мұтұрғанов Шымкент циркіне жетекшілік ете бастады. Көрші Жамбыл облысындағы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы болып, «МузАрт» тобының директоры Ерлан Жүнісбай тағайындалды. Елорда әкімдігі де қалыс қалмады. Мәдениет басқармасына актер, елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған Нұрлан Әлімжанды қойды.




Көрілген: 2089    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 13:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31