Жұлдызды жаңалықтар

Нұрлан Еспанов құдалықта бидің түбін түсірді (видео)

  • Нұрлан Еспанов құдалықта бидің түбін түсірді (видео)

    Нұрлан Еспанов құдалықта бидің түбін түсірді (видео)

Желіде отандық танымал әнші Нұрлан Еспановтың той-томалақтарда асыр сала билеп жүрген видеосы тарап кетті. Әрбір жиында көңілді жүретін өнер иесіне желі қолданушылары сүйсінген. Ал әртістің өнердегі досы Абай Бегей, тіпті оған енді тойларға әнші емес, биші ретінде шығуына ұсыныс жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Абай Бегей Instagram парақшасында әріптесі Нұрлан Еспановтың көңілді кештердің бірінде билеп жүрген сәтімен бөліскен.

"Нұрекең құдалықтардан босамай жүр. Айтпақшы құдалықтарға биші керек болып жатса хабарласыңыздар" , - деп жазды ол.

Оған қоса, Абай Бегей жазбасының астында Еспанов әкімшісінің ұялы телефон нөмірін де қалдырып кеткен.

Ал желідегілер биді жаны сүйетін өнер иесіне сүйсініп, оған өзінің жылы лебізін жарыса білдірген.

"Керемет, ризамын осы кісіге үнемі көңілді жүреді" , "Күшті билейді екен расымен" , "Бұл әншінің биі ерекше ғой" , "Ешкім билей алмайды бұл кісі сияқты" , "Беріліп кетеді биге" , "Тамаша, мен шақыратын едім тойға" , "Құдалықтарда бишілер керек негізі" , "Абай мырза бұл деген керемет ұсыныс" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқтар Серіков те кенже ұлының туған күнінде бидің түбін түсірген болатын.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 4247    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.02.2020, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30