Жұлдызды жаңалықтар

"Ол менің жеті баламның анасы": Гүлнәз Жолановаға ғашық жігіт оны Түркияға іздеп барды (видео)

  • "Ол менің жеті баламның анасы": Гүлнәз Жолановаға ғашық жігіт оны Түркияға іздеп барды (видео)

Гүлнәз Жолановаға ғашық жігіт оны Түркияға іздеп барды. Қазақстандық жас блогер актрисаға сезімі барын айтып, ол үшін әлемнің қай түкпіріне болса да баруға дайын екенін жеткізді. Ақыры сезімін білдіріп, актрисамен бірер уақытын бірге өткізді. 

Бұл туралы блогер Дәулет Есенбайұлы желідегі парақшасында жазып жүр. 

 

Блогер Гүлнәз Жолановаға сезімін ашық білдірді. Актриса түрік елінде "Қазақша бизнес Түркияда" фильміне түсіп жатқан еді. Мұны білген Дәулет Есенбайұлы оны Түркияға іздеп барды. Бұл актриса үшін күтпеген жайт болды. 

"Сен мен шынымен Түркияға іздеп келдің бе? Неге алдын ала ескертпедің?", - деді таңданған ол. 

Дәулет Есенбайұлы одан сүйіктісі бар-жоғын сұрады. Актриса ешкіммен кездесіп жүрмегенін айтты. 

"Бұл менде үміт бар деген сөз. Мен бәрібір өз мақсатымды орындаймын", - деді ол.

Дәулет пен Гүлнәз Түркияда бірер уақытын бірге өткізді. Желіге фото, видеолар жүктеді. 

Блогер Гүлнәзды әуежайға шығарып салып, тосынсый жасады. 

"Бүгін Гүлнәз Қазақстанға кетіп бара жатыр екен. Бірақ маған айтқан жоқ. Қазір ғана естіп тұрмын. Мені Нұрлан ағалар алып қалды. Көп нәрсе үйренесің, Гүлнәзбен Алматыда да кездестіріп беремін деген соң қалдым. Ал, Гүлнәзды достарыма табыстап қойдым. Олар күтіп алады", - деді блогер. 

Достары Дәулеттің атынан үлкен гүл шоғын сыйлап, Гүлнәзды үйіне дейін жеткізіп тастады. 

 
 

 




Көрілген: 7181    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 01:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31