Жұлдызды жаңалықтар

«Он бөпе туып берші!»: Төреғалидің әйелі отбасылық өмірі жайлы әсерлі жазба жариялады

  • «Он бөпе туып берші!»: Төреғалидің әйелі отбасылық өмірі жайлы әсерлі жазба жариялады

    «Он бөпе туып берші!»: Төреғалидің әйелі отбасылық өмірі жайлы әсерлі жазба жариялады

Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы оның арманы жайлы айтып берді. Толқын ханымның жазуынша, Төреш көпбалалы болуды армандайды екен. Мәселен әнші, әйеліне үйленер кезде «маған он бала туып бересің бе?» деп сұраған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды. 

Қазіргі уақытта аяғы ауыр Толқын жарының өте балажан екендігін желідегі парақшасында жазды. 

«Төрем көпшілікті бала күнінен жақсы көретін. Қайда жүрсе де, қасына біреу еріп жүргенін қалайтын...
Өзінен кейін қарындастары туылам дегенше, мамамызға күнде: «Апа, он бөпе туып берші» дейді екен.
Біз отау құратын кезде, маған 10 бала туып бересің бе?) – деген. Мен де көпбалалы отбасынан болғандықтан, Алла денсаулық берсе, 10 туам деп уәде бере алмаймын, бірақ 7-еуіне тырысып көремін дегенмін.

Сонда, екеумізде өте балажан екенімізді қазір түсінемін. Алла сол ниетімізге балапандарымызды бірінен-кейін бірін беріп жатыр! Аллаға сансыз шүкір!

Бір күндігін ойлаған мал өсірер, он жылдығын ойлаған тал өсірер, мәңгілігін ойлаған бала өсірер демекші, Аллахым ұрпағымыздың салиқалы ұрпақтан болуын баршамызға нәсіп етсін!», - деп жазбасын қорытындылады. 




Көрілген: 1171    Пікірлер: 0

жұма, 12.03.2021, 13:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31