Жұлдызды жаңалықтар

"Онша келіспеймін": Бүркіт лотереяға қатысты заңға пікір білдірді

  • "Онша келіспеймін": Бүркіт лотереяға қатысты заңға пікір білдірді

Мәжілісте бүгін лотерея туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды. Оған сәйкес, енді арнайы лицензиясыз әлеуметтік желілерде лотерея өткізуге рұқсат берілмейді. Ал бұл талапты орындамағандарға 5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынбақ. Осыған байланысты танымал әнші Бүркіт өзінің пікірін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Лотереядан барлығы бақытты болады: Әнші Бүркіт жаңа заңға қатысты пікір білдірді

Фото: instagram.com/berkut_qazaqstan

Өнер иесі бүгінде өзінің Instagram парақшасы арқылы лотереяның екінші легін ойнатып жатыр.

Бұған дейін ол ән жинақтың электронды нұсқасын 10 мың теңгеге сатып, пәтер, көлік пен жүздеген тұрмыстық заттарды ойнатса, осы жолы тура сондай сыйлықтарды ұтысқа тігіп отыр. Ал лотереяға шектеу қойылса, халық осындай мүмкіндіктен айырылады дейді.

"Меніңше, ол дұрыс емес. Ол заңмен онша келіспеймін. Біз өз лотереямызды ашық өткіземіз. Халыққа барынша жақсылық жасауға тырысып жатырмыз. Осы жолы бес адам автокөлік иесі, Нұр-Сұлтан қаласында бес пәтердің иесі болады. Ол жаман ба? Әрине, жақсы. Қазірдің өзінде үкімет те пәтерді әшейін беріп жатқан жоқ қой. Ал бізде 10 мың теңгені тігеді де, бір пәтерді ұта салады. Бұл лотереядан барлығы бақытты болады", - дейді Бүркіт.

Әншінің айтуынша, бүгінде оның жиені де Алматыда пәтер ала алмай жүр.

"Өзі алғысы келіп отыр. Кішкене ақшасы бар, бірақ жетпей жатыр. Мысалы, ол лотереядан пәтер ұтып алса, қандай жақсы болар еді. Туысқандарының бәрі қуанатын еді. Бірақ біздің лотереямызға қатысып жатыр ма, жоқ па, онысын білмедім. Билет алған шығар. Маған айтқан жоқ", - деді әнші.

Еске сала кетсек, бүгін мәжілісте лотереялар және лотерея қызметі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданғаны хабарланды.

 

 

 




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 20:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30