Жұлдызды жаңалықтар

«Өз әкесінен көрмеген махаббатты осы жігіттен көрген соң, тұрмыс құруымды менен бұрын қыздарым қалады» - Алтынай Жорабаева

  • «Өз әкесінен көрмеген махаббатты осы жігіттен көрген соң, тұрмыс құруымды менен бұрын қыздарым қалады» - Алтынай Жорабаева

    «Өз әкесінен көрмеген махаббатты осы жігіттен көрген соң, тұрмыс құруымды менен бұрын қыздарым қалады» - Алтынай Жорабаева

Алтынай Жорабаева жақында екінші рет тұрмыс құрған болатын. Көпшіліктің аузында жүрген әншіге бүгінгі күні әлеуметтік желідегі қолданушылары да сұрақты жаудыртатын болған, деп жазады oinet.kz.

Әнші екінші мәрте тұрмыс құрады дегенді естігеннен бастап желі қолданушыларынан маза кетті. Олар әншінің сүйіктісінің кім екенін білгісі келеді. Бірінші некедегі қыздардың кімде қалғанын, олардың екінші әкемен тұруға көзқарасы қандай екенін сұрап бақты. Су жаңа сүйіктісімен қашан, қайда танысқанын, той күні қашан болатынын сұрап жатқандар бар.

«Кім-кімді алып, кімге тиіп жатыр өзі? Қайын әпкесі жеңге болғаны несі? Негізі бізге бәрібір ғой кім-кіммен үйленсе де. Бізге керек емес. Бірақ, ақыры айтқан екенсің, қыздарың туралы да айтпайсың ба? Сәбиттен туған қыздарың қайда? Әкесімен қалды ма? Сенімен бе? Олар тұрмыс құруыңа қарсы болмады ма?» - деп сұрады желі қолданушысы Күлпаш Каленова.

Бұған әншінің өзі жауап берді. «Күлпаш апай, сәлеметсіз бе? Келінімнің руынан болған соң, мені жеңге деп қалжыңдап жатыр келінім. Қыздарым өзімнің жанымда. Өз әкесінен көрмеген махаббатты осы жігіттен көрген соң, тұрмыс құруымды менен бұрын қыздарым қалады» деп жазды Жорабаева.

Өнердегі құрбылары да әншіні құттықтап жатыр. «Уааууу, Алтуша, құтты болсын! Шын жүректен...!!! Бақытты болыңдар!», «Ооо, күшті, бақытты болыңдар бірге», «Ура» деп жазды Маржан Арапбаева, Мәдина Сәдуақасова мен Тамара Асар.

 

 




Көрілген: 3245    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 07:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31