Жұлдызды жаңалықтар

"Өзім білемін": Алуа Қонарова өзін айыптағандарға жауап берді

  • "Өзім білемін": Алуа Қонарова өзін айыптағандарға жауап берді

Продюсер Алуа Қонарова өзін патроит емес деп айыптағандарға жауап берді. Қонарова қазіргі уақытта шетелде тұрып жатыр. Желі қолданушылары соңғы кезде шетелге көшіп жатқан әншілерге сын айта бастаған. Бұған продюсер ханым өзі жауап берді. 

"Соңғы кезде мені патриот емес деп айыптайтын болды. Ешкімнің алдында ақталатын ойым жоқ. Мен ешкімге ешнәрсе міндетті емеспін. Солай емес пе? Мен салық төлеушілердің есебіне өмір сүріп жатқан жоқпын. Банктен, бюджеттен ақша ұрлап, қашып кеткен жоқпын. 

 
Елге деген махаббат оның тұратын жерімен байланысты емес. Бұл жай ғана сөз, жай ғана пафос. Мен елінің мәдениеті үшін аз жұмыс істеген жоқпын. Менің әртістерім халықаралық жарыстарда, концерттерде  Қазақстанның туымен шықты. 

Сонымен қатар, мен қай жерде тұрсам да, өз құқығым. Мен жүйенің өзгергенін көру үшін өзім жақсы көретін Қазақстанға барамын. 

Содан кейін барып нақты шешім қабылдаймын. Қайда, кіммен, қалай тұратынымды өзім шешемін. Бұл менің өмірім. Маған өмірді құдай бір рет қана берді", - деп жазды продюсер парақшасында. 


Алуа Қонарова: Бәріміз қысқа белдемше кидік және одан жаман болған жоқпыз

"Қорада адамдар емес, малдар жатады": Алуа Қонарова депутат Божкоға сын айтты

Бұған дейін продюсер карантин уақытынан бастап Түркия елінде анасымен тұрып жатқанын айтқан еді. Желі қолданушылары шетелге кеткен продюсерді патроит емес деп айыптайтын болды. 

"Сіз жасайтын жақсылығыңызды қазақ өнер жастарына жасадыңыз. Жағымсыз пікірлер қолдарынан іс келмейтін қызғаншақтардың көреалмаушылығынан келеді. Жемісі жоқ талға тас атылмайды дейді түріктер. Жағымсыз өсек естісем күліп əрі қарай жолыма жүре беремін өз басым. Әлі де болса тас атылып жатса бұған ренжімеңіз".

"Мұндай жағымсыз пікірлерге назар аудармаңыз, ешкімге ақталмай-ақ қойыңыз". 

"Ит тойған жеріне дейді. Сіз де шетел асып патриот бола алмайсыз. Пікірлер орынды. Елімізде байығанның бәрі шетел асқысы келеді".

"Өзіңіз біліңіз. Ақталмасаңыз, неге жазып отырсыз?".

"Сіздің мықты продюсер екеніңізді білеміз. Біздің елге керексіз", - деп жазды желідегілер. 




Көрілген: 1618    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 16:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30