Жұлдызды жаңалықтар

"Өзімді Головкин сезіндім": Imanbek қазақстандықтарға алғыс білдірді

  • "Өзімді Головкин сезіндім": Imanbek қазақстандықтарға алғыс білдірді

"Үздік ремикс" номинациясы бойынша Grammy сыйлығын алған Иманбек Зейкенов өзін қолдаған қазақстандықтарға алғысын білдірді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Достар, мені қолдағандардың бәріне көп рақмет айтқым келеді. Білесіздер ме, өзімді бір сәтке қазақстандықтарды ерте оянуға мәжбүрлейтін Геннадий Головкин сезіндім, - деді ол Instagram-дағы sayatnomad парақшасында жарияланған видеода.

 Еске салайық, 15 наурызға қараған түні қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксі үшін Grammy алғаны белгілі болды.

Imanbek-тің нұсқасында "Roses" ремиксі бүкіл әлемде танымал болды. Трек Billboard Hot 100 рейтингінің бестігіне кірді, ал рэпер Карлос Сент-Джон Ақсу тұрғынына ремикс үшін алғысын білдірді.

https://www.instagram.com/sayatnomad/?utm_source=ig_embed

Иманрбек "Грэмми" сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды. Бұл тарихи оқиғаны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зор қуанышпен қабылдады.

Айта кетейік, танымалдыққа дейін Иманбек Павлодар облысында теміржолшы болған.




Көрілген: 995    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.03.2021, 14:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31