Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Павлодарда 16 жастағы жасөспірім Ерке Есмаханға сезімін білдіріп, сақина тақты

18 шілде 2022, 14:34

Павлодарда қала күніне арналған концертте ерекше оқиға орын алды. 16 жастағы жасөспірім әнші Ерке Есмаханға сезімін білдіріп, сақина тақты. Жас баланың көңілін қалдырғысы келмеген Ерке оның жүзігін қабыл алып, ұсынысына "иә" деп жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Жас жігіт сахна алдына барып, Еркеге жүзік сыйлады. Әнші де көп кідірместен "иә" деп жауап берді. 

"Сен ойланып істедің ба? Онда сахнаның артына жүр. Алматыға кетеміз", - деді Ерке. Артынан жігіттің жасы 16-да екенін, әлі мектепте оқитынын білді. 

"Онда сенің мектеп бітіргеніңді күтемін", - деп қалжыңдады Ерке. 


"Бақыт тілеймін": Динара Қырықбаева экс-күйеуінің үйленгеніне қатысты пікір білдірді
"Бастысы өзіме ұнайды": Елді шулатқан әннің орындаушысы сұхбат берді

Концертке жиналған қалың көрермен жігіттің батылдығына қайран қалса, желі қолданушылары көңілдерінің бір көтеріліп қалғанын атап өтті.