Жұлдызды жаңалықтар

Роза Әлқожа: Бір кездері кір жуатын машинасы жоқ, от жағып, көмір таситын келіншек едім

  • Роза Әлқожа: Бір кездері кір жуатын машинасы жоқ, от жағып, көмір таситын келіншек едім

    Роза Әлқожа: Бір кездері кір жуатын машинасы жоқ, от жағып, көмір таситын келіншек едім

Роза Әлқожа сахнаға шықпай тұрып, отбасы, ошақ қасында жүрген қарапайым келіншек болған күндерін еске түсірді. Өзінің көп алдына шығуға себепші болған жанның кім екенін айтты. 

"Әлия Құдайбергенова "Жұлдыздар отбасына" шығарып, шамалы өлең жазатынымды жария қылып еді. Ұяң, биязы қызды ақырында өзі "өткірлеп" алды ғой солай бұл қыз! "Еліктің лағындай болған жане-ем"деп жүріп талай рет ес жиғызып, еңсе көтеруіме көмектесті. Өзі менің нағашым болғандықтан да құрбы, дос қана емес, тамыры тереңге кеткен туыстық арамызды үзген емес, тәуба.
Көп балалы болу оңай емес. Үйсіз-күйсіз, кір жуатын машинасы жоқ, от жағып, көмір таситын келіншектің сахнаға шығуы да үлкен уайым еді ғой.

 

"Қандай көйлек кием, қайтіп шығам?"деп басын ауыртамын сосын. Қарапайым туфли таңдауға да бақандай журналисті ертіп алам сонда. Қазір бәрі болмағандай, көрмегендей, кешегінің бәрі ертегі.
Мынаны кеше жіберіпті. "Есіңде ме?"дейді. Әрине есімде!
Үш балам бар кезі екен. Төртіншісіне аяғым ауыр. Жиырма жетідемін. Он бір жыл өтіпті! Ол кезде журналдың мұқабасына шығу деген үлкен бақыт қой! Сол бақытқа бөлеген осы Әлияш. Жарылқап ағасына айтып жүріп, маған фотографты өзі тауып беріп жүріп жарқыратты ғой!

Соншама жанашырлығын көрген соң бір ауыз жазып жатқаным. Біз кейде алғыс айтуды да ұмытып жатамыз. Жақсы сөзге сараң болмауы керек адам. Жан жадыратар жақсы жандар аман болсын! Бір бақытты болуға лайық адам осы Әлия. Алла сол тілегімізді қабыл етсін!

Қазір қатты толып кеттім. Әсіресе соңғы жарты жылда. Ел күйзелістен арықтаса, менде керісінше. Алланың берген бір сынағынан өттік қой, шүкір. Енді Алла қаласа бәрі жақсы болады! Арықтағым келгенімен, мына карантин де ас үйден шықпауымызға зор себебін тигізіп жатыр и. Адам осылай-осылай есейе береді екен, ә?!Кешегі күннің бәрі тамаша. Жас кездегі суреттің бәрі әдемі сияқты ма?", - деп жазды әнші желідегі парақшасында. 

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, қазіргі келбетінің өзіне әбден жарасатынын айтты. Енді бірі әншінің өте қарапайым жан екенін жарыса жазуда. 

"Роза ханым, бастысы деніңіз сау болсын! "Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" демекші үнемі елге алғысыңызды айтып, жазып отырасыз! Осы қасиетіңіз маған қатты ұнайды! Өзіңіздей үлгі алар əпкелерім барына шүкір деймін!", "Әлі де сұлусыз, бәрі өзіңізге жарасады", "Арық болыңыз,толық болыңыз, тек аман жүріңіз балапандарыңыздың бағына", - дейді олар.

 
 

 




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 09:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31