Жұлдызды жаңалықтар

Роза Әлқожа Салтанат Бақаеваны жылатып қойды

  • Роза Әлқожа Салтанат Бақаеваны жылатып қойды

    Роза Әлқожа Салтанат Бақаеваны жылатып қойды


Ұлттық арнаның "Беу" бағдарламасында әнші Салтанат Бақаеваның екі әнін кеңес мүшелері талқыға салған. Алайда әнші мамандардан естіген сыннан емес, Роза Әлқожаның сөзінен кейін көзіне жас алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Роза Әлқожа, Салтанат Бақаева. Фото:

Роза Әлқожа, Салтанат Бақаева. Фото: "Беу" бағдарламасынан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


Әншінің бағдарламада айтқан "Бұлбұлым" әнінің сөзі мен әуені кеңес мүшелері мен арнайы қонақтардың ойынан шықпаған.


"Салтанатты теледидардан көріп жүрмін. Ән шырқағанын бірнеше рет естіп қалғанмын. Әннің айтылуы, сөзінің анықтығы, образға кіруі, түсініп айтуы қарап отырсам, барлық жағы бар екен. Актрисалық жағынан көрсетіп отыр. Әншілерге бір жағынан үлгі сияқты көрініп отырсың. Өте әдемісің.
Ал әнге келер болсақ, "Бұлбұл" деген сөзді оқыған кезде басқаша ойда болған едім. "Бұлбұл" дегенде Төлегенова есімізге түседі. Сол ән сияқты қабылдағымыз келеді ме?! Әннің сөзі болғанымен, өңдеуі екі салада жатқан сияқты болып елестеді. Бұл әннің әуені болғанымен, аранжировка той жағына алып кеткен. Ән мен аранжировка келіспейтін сияқты. Мұндай әндерді өңдеу үшін аранжировщик сөзіне мән беруі керек. Егер ұлттық аспаптағы оркестрмен сүйемелдесе, ән басқаша болып шығады. Ал негізі әннің қайырмасы, өзі құлаққа сіңімді", - деп пікір білдірді елімізге еңбегі сіңген қайраткер Бейбіт Дәлденбай.

Әнші сынға жылай қоймағанымен, Роза Әлқожаның сөздерінен соң көзіне жас алған.


"Салтанатқа артық сөз айтпай-ақ қояйын. Бір-ақ сөзбен айтсам сол түсінікті болар. Менің қызым бар, биыл 9-сыныпты бітіреді. Өткенде "Ақбота, сен кімге еліктейсің?" деп сұрадым. "Мен Салтанат Бақаеваға еліктеймін. Өйткені ол - заманауи, қазақы, бөпесі де бар. Күйеуі де бар. Театрды да алып жүреді. Ән әлемінде де бағы жанған керемет жұлдыз. Маған Салтанат әпкем ұнайды" деді.
Сондықтан саған тек табыс тілеймін. Өнердің жүгін білеміз. Соның бәрін арқалап жүріп, жаныңның тазалығын, нәзіктігін жоғалтпаған сенен айналайын", - деді Роза Әлқожа.

 






Көрілген: 4899    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.05.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31