Жұлдызды жаңалықтар

Роза Әлқожа соңғы қаражатына бейнебаян түсірген күндерін еске алды (видео)

  • Роза Әлқожа соңғы қаражатына бейнебаян түсірген күндерін еске алды (видео)

    Роза Әлқожа соңғы қаражатына бейнебаян түсірген күндерін еске алды (видео)


Роза Әлқожа NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасында өзінің шығармашылық жолында соңғы қаражатын клипке жұмсаған күндерін еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Әнші "Жүрек назы" атты бейнебаянын осыдан сегіз жыл бұрын 6 мың АҚШ долларына түсірген.


"Сол кезде бір алты мың долларға шықты ғой. Отандық өнім, Қазақстанда түсірілген. Осы бейнебаяннан кейін Ташкентке барып клип түсірдім. Өйткені жалға алған кезде ақшасы сағат сайын айналады екен. Ал Ташкентте мысалы өздері есептеседі. Жалпы біздің Қазақстанда көп нәрсе қымбат қой. Мысалы Қырғызстанда да клип түсірдік. Ол жақта бізден он есе арзан шығар.
Бізде мысалы бір клипті 15-25 мың доллар деп алайық. "Креативный клип түсіріп береміз" деп айтады. Сапасына қарасаң, асып кеткен ештеңе жоқ. Сосын мен ойлаймын да, "Қазаққа біз не беріп жатырмыз? Біз креатив деп қайда бара жатырмыз?" деп.
Бізде бір мақтансүйгіштік қасиет басым. Керісінше неге біздің бір-бірімізге жанымыз ашымайды? Неге аранжировщиктер бағасын түсірмейді? Неге режиссерлер бейнебаянның құнын азайтпайды. Біз "понт", "хайп" дегеннің құрбанымыз", - деді Роза Әлқожа.

Сондай-ақ әнші сегіз жыл бұрын "Жылатқаның неткенің" атты бейнебаянына соңғы 900 мың теңгесін салғанын жасырмады.


"Бұл әнді Ақмарал Ілеубаевадан бір тыңдап, ұнатып қалғанмын. Өте тез бағы жанып кеткен ән болды. Бір аптаның ішінде өңделді. Бір аптаның ішінде Таразда концерт қойып, сол жерде орындадым. Халық жақсы көріп, қайта сұрады. Ол кезде концерттегі көйлектерім 25-30 мың теңгенікі. Концерттен шыққаннан кейін "Осы әнге бейнебаян түсірсеңізші. Керемет екен. Қазіргі қыз-келіншектердің жағдайы" деп айтып жатыр.
Сол концерттен 900 мыңдай түсті. Жұрттың сөзі әсер етіп, сол ақшаға бейнебаян түсіре салдым. Маған клиптің 3 мың доллар екенін айтты. Өзіңіз ойлаңыз, үстімде 25 мыңның көйлегі. Актерлерге "Төлейтін ақшамыз жоқ. Түсіп беріңіздерші" деп айттық. Олар да сценарий ұнаса, тегін түсетінін айтты", - деп сол кезді еске алды Роза Әлқожа.


 






Көрілген: 208    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.05.2019, 10:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31