Жұлдызды жаңалықтар

Роза Әлқожа су басқан ауыл жайлы: Күннің астында өздері жүр, неге қаннен-қаперсіз жатырмыз

  • Роза Әлқожа су басқан ауыл жайлы: Күннің астында өздері жүр, неге қаннен-қаперсіз жатырмыз

    Роза Әлқожа су басқан ауыл жайлы: Күннің астында өздері жүр, неге қаннен-қаперсіз жатырмыз

Әнші Роза Әлқожа су басқан Түркістан облысындағы ауылдардың жағдайына қатысты үн қосты. Әнші әдетте халықтан қауіптеніп жүретін ұландар көмекке неге жіберілмейді деп ашынды. 

Айта кетейі, Түркістан облысында 10 ауылды су басты. Мемлекет басшысы су тасқынынан 22 мың тұрғынды эвакуацияғанын мәлімдеді. Мақтааралдағы орталық коллектордан су төгіліп, Жеңіс, Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кетті. 

 

"Әншейінде осы қалада бейбіт халықтан қауіптеніп қаптап жүретін ұландар қайда?! Осындайда жібермей ме көмекке? Әскери палаткалар қайда төтенше жағдайға арналған? Болмаса еріктілерді шақырмай ма?!. Күннің астында, өздері көмектесіп жүрген жандарыым! Дариға әпкеміз Қоғалыға арнайы барып ақпарат берді. Алла разы болсын! Бірігіп білек күшін көрсетіп, жұмылып жүрек сөзін жеткізіп жатқан жамағатқа Алла тағала сауаптан жазсын!
Сардобадан тасыған су Лайқы бойымен келіп, Қоғалыдан өтетінін бәріміз білеміз. Айдаркөлге барғанша айналасындағы ауылды шаюы заңдылық. Біз неге қаннен қаперсіз жатамыз осы? Сосын неге баяу қимылдаймыз?", - деп жазды әнші парақшасында. 

Желі қолданушылары әншінің сөзін қостады.

"Қолдау көрсетіп жатқан әр қазағыма алланың нұры жаусын, айтып келмейтін апатта үйлерінен айырылған қазағыма алла жар болсын, сабыр берсін, шүкір аман қалғандарына, ел-халқым дұға жасайық, қол ұшын беріп, көмек берген жандарға мың алғыс", "Халыққа халық көмектесіп жатыр жарайсыңдар", "Алла Тағала амандық тілеймін сиздерге күш қуат берсін", "Ұландарың тек өз иелерін қорғайды күні түні ұяларында", "Алла разы болсын жардем беріп жатқандарға, қиналған халықа сабыр бере гөр жаратушы алла", - деп жазды олар.

 

 




Көрілген: 1180    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 08:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31