Жұлдызды жаңалықтар

Роза Рымбаева: Халықтың талғамы төмен болса, "Чип-чип-чип" әнін тыңдап жүре береді

  • Роза Рымбаева: Халықтың талғамы төмен болса,

    Роза Рымбаева: Халықтың талғамы төмен болса, "Чип-чип-чип" әнін тыңдап жүре береді

Бір әнмен танымал болуға бола ма? Халықта талғам бар ма? Бүгінде тез танылып кетке жеңіл әндер көп. Роза Рымбаева бұл әндерді частушкаға теңейді. Ал той әндерін орындайтындар әні емес, жай ғана музыканттар деген пікірде.

Бұл туралы "Жұдыздар жарқырайды" бағдарламасында айтылды. 

"Бәрі халықтың талғамына байланысты. Егер талғам төмен болса, жеңіл әндерді тыңдап жүре береді. Бірақ оның бәрі уақытша. Кей әндер болады он жылдап, елу жылдап ел аузында, халықтың жүрегінде. Халықтың талғамы төмен болса чип-чип-чип әндерін тыңдап жүре береді", - деді Рымбаева. 

Нұрлан Албан адамның танымалдығы бағына байланысты деді. 

"Кей әнші болады өнерді, музыканы терең зерттеп, ұзақ жылдар бойы ән шығарып жүреді. Енді бір бір ғана әнмен танымал болып шыға келеді. Бұл бақ шаба ма, бап шаба ма, соған байланысты", - деді әнші.

Заманауи жырау Жан Ахмадиев халықта мүлде талғам жоқ еген ойын жеткізді. 

"Халықта қазір мүлде талғам жоқ. Үріп ән шығарсаң да, ол ертең хитке айналып кетуі мүмкін", - деді  ол. 

Бақай тобының әншісі бір әнмен де танымал болуға болады дейді.

"Қазір жастардың талғамы әртүрлі ғой. Бір әндер бірден таралып кетеді. Енді бір әнді қанша жерден өткізгің келсе де, хитке айналмайды", - деді топ мүшесі. 




Көрілген: 1767    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.01.2021, 12:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31