Жұлдызды жаңалықтар

Роза Рымбаева неліктен екінші рет тұрмысқа шықпағанын ашып айтты (видео)

  • Роза Рымбаева неліктен екінші рет тұрмысқа шықпағанын ашып айтты (видео)

    Роза Рымбаева неліктен екінші рет тұрмысқа шықпағанын ашып айтты (видео)


Роза Рымбаева жұбайы Тасқын Оқапов өмірден өткеннен кейін неліктен қайта тұрмыс құрмағанын ашып айтты. Халық әртісі өзіне ғашық болып, жағдайын жасамақ болғандар жайлы жасырмай баяндап берді деп жазады Аман Тасығанның "Talk Like" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Алайда өнер иесі өзін таныстырмақ болғандар мен ғашық азаматтардың бетін қайтарып отырған.


"Әрине жеке басыма келсем, маған ғашық болған адамдар да болды. Маған "Барлық дүниені, жағдайыңды жасаймын, Роза. Сені бақытты қыламын" дегендер болды. Қазір екінің бірі "Неге бұл кісі жалғыз?" деп ойлайды ғой. Мен екі балама өмірімді арнауды шештім. Осы күнге дейін сол жолмен келе жатырмын. Екі баламның ешкім әкесі бола алмайтын сияқты.
Маған ғашық болған жігіттер әлі де бар. Біреулер тіпті мені таныстырғысы келеді. "Осындай жігіт бар. Жалғыз" дейді. Сосын мен "Ондай әңгімені қойыңдаршы" деймін. Олар болса, "Қашанғы жалғыз жүресің? Осындай керемет азамат. Жасы да келеді. Мәдениеті де бар. Екеуің бір-біріңді толықтырып, бірге жүрмейсіңдер ме?" деген әңгіме болады.
Жоқ! Өмірімнің жартысынан артығын екі ұлыма арнадым. Енді қанша өмірім қалды?! Өмірдің көбі кетіп, азы қалды дейді ғой. "Балаларыммен бірге болайын. Немере сүйсем, келіннің қолынан шай ішсем" деген еркелік бар енді. Кім біледі, оны? Қазақта "Келінге келін болсаң жағасың" дейді. Оның барлығын уақыт көрсетеді", - деді халық әртісі.

 







Көрілген: 1515    Пікірлер: 0

сенбі, 04.05.2019, 17:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30