Жұлдызды жаңалықтар

«Салт-дәстүрді әбден мазақ етті»: беташарда бір уыс ақша шашқан әнші Нұрболат Абдуллинді жұрт сынап тастады (ВИДЕО)

  • «Салт-дәстүрді әбден мазақ етті»: беташарда бір уыс ақша шашқан әнші Нұрболат Абдуллинді жұрт сынап тастады (ВИДЕО)

    «Салт-дәстүрді әбден мазақ етті»: беташарда бір уыс ақша шашқан әнші Нұрболат Абдуллинді жұрт сынап тастады (ВИДЕО)

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Нұрболат Абдуллин досының тойында танытқан қылығы үшін елдің сынына ұшырады. Өнер иесі беташар кезінде аты аталғанда ортаға шығып, көпшілікке бір уыс ақша шашқан. Желідегілер оның бұл әрекеті ұлттық дәстүрді сыйламағанын көрсететінін айтуда деп жазады nur.kz.

Нұрболат Абділлин досының қуанышында ерекшеленбек болып, асқан жомарттық танытты. Беташар кезінде халықтың ортасына шыққан әнші бір уыс ақшаны көкке шашып, ел назарын өзіне аударды.

Шоу-бизнес жұлдызының қатысуымен болған тойдағы сәттен үзінді Instgram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Видеодан беташар жүргізіп жатқан азаматтың Абдуллинді "миллион тастайтын кез келді" деп шақырғанын көруге болады. Сәйкесінше, әнші барша меймандар секілді алдымен табаққа ақша салып, артынан тағы бір уысын шашты.

Алайда, өнер иесінің бұл қылығы бәріне бірдей ұнай қойған жоқ. Кейбір желі қолданушылары әртістің тойдағы әрекетіне деген наразылығын білдіріп, оны сынға алып жатты.

"Дәстүр деген не болып жатыр? Қазір бет ашу да ақша үшін болып жатқаны ма?" , "Қайран қор болған юеташарым-ай" , "Халық аштықтан қырылып жатқанда, өтірік мақтанудың не қажеті бар?" , "Ысырап ақша шашқан дұрыс емес. Оның да сұрауы бар" , "Достық ақшамен өлшенбеу керек" , "Беташарды, ата салтымызды бұзбаңдар" , "Өздерін мүлдем ерсі ұстайды. Семіріп секіреді деген осы болар. Сөзім жоқ" , "Салт-дәстүрді әбден мазақ етті" , - деп жазуда көпшілік. 

Видео https://www.instagram.com/qaz.stars/?utm_source=ig_embed
 




Көрілген: 4293    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31