Серікбол Сайлаубек кіші қажылыққа аттанды

19 қаңтар 2022, 15:07

Серікбол Сайлаубек кіші қажылыққа аттанды. Әнші қасиетті өлкеге аға-інілерімен бірге келді. Желідегі оқырманы ақ жол тілеп, дұға етті. 

“Біз қазір Медина қаласындамыз. Ағаларыммен келіп қалдым. Бір бөлмеде тұрып жатырмыз. Қазақ бауырлары болып бөлінбей біз, сізіміз жарасып жүрміз. Елімізге тыныштық тілеп жатырмыз. Ниетіміз қабыл болсын”, – деп жазды әнші желіде.

“Адамнан сұрасаң, мұрттай ұшасың. Алладан сұрасаң, құстай ұшасың. Умра Қажылық. 2022. Медина”, – деп жазды тағы бір жазбасында. 

“Маған да бұйырсыншы мейман боп бару Аллаһқа. Ниетің қабыл болсын мейірімді жан!”, “МашАллах Алла тағала қабыл етсін әмин. Менің де арманым қажылыққа бару. Я Алла қажылыққа бару нәсіп етіңізші әмин”, “Қабыл болсын, келген соң не істейсіз?”, “Ниетіңіз қабыл болсын”, “Алла тілегіңізді қабыл көрсін”, “Өте қуаныштымын. Қабыл болсын қажы аға! Тілеген дұға-тілектер қабыл болсын! Еліміз жеріміз үшін дұға жасаңыз”, – деп жазды желідегілер. 

https://www.instagram.com/serikbol_sailaubek/?utm_source=ig_embed&ig_rid=580cd742-1bcc-41c2-b118-a9cac40faa74