Жұлдызды жаңалықтар

«Шәкен Айманов ризашылығын білдірді»: Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы – 100 жаста!

  • «Шәкен Айманов ризашылығын білдірді»: Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы – 100 жаста!

    «Шәкен Айманов ризашылығын білдірді»: Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы – 100 жаста!

Зұлқия Мұқанқызы 1920 жылдың 20 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Алматы телестудиясы ашылған 1958 жылы дикторлыққа жарияланған конкурсқа қатысып, 750 адамның арасынан үздік шығады.

20.02.2020 күні Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Қазақ дикторларының анасы» атанған Зұлқия Мұқанқызын ғасырлық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, qazaqstan.tv интернет ресурсына сілтеме жасап.

«Сізді ғасырлық белесіңіз – 100 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз – отандық көгілдір экранда тұңғыш рет қазақ тілінде эфирге шыққан Қазақ телевизиясының қарлығашысыз. Көзі қарақты көрермен 1958 жылғы 8 наурызда алғаш рет Сіздің «Кеш жарық» деген сөзіңіз арқылы ана тіліміздің асқақ үнін естіді.

Тарих беттерінде қатталған сол кезеңнен бері ұзақ жылдар Қазақ телевизиясында абыроймен қызмет атқарып, соңғы жаңалықтар мен көркем шығармаларды, ел басшылығының үндеулерін халыққа үздіксіз жеткізіп отырдыңыз.

Әр жылдары шығармашылықпен айналысып, балалар әдебиетінің алтын қорын толықтыруға үлес қостыңыз. Мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілеймін!» делінген Мемлекеттік хатшының құттықтау хатында.

Зұлқия Мұқанқызы 1920 жылдың 20 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Алматы телестудиясы ашылған 1958 жылы дикторлыққа жарияланған конкурсқа қатысып, 750 адамның арасынан үздік шығады.

«Мәдениет министрлігінің өкілдері бастаған комиссия 20 кісіден тұрды. Олар ақылдасып болған соң, «Сіз бірауыздан өтесіз» деді. Артынан білгенімдей, бағанадан бері менімен тілдескен Шәкен Айманов екен. Қасыма келіп, ризашылығын білдірді. Сол кезде 1-орынға 750 адам үміткер болыпты. Дәл осылайша қазақ теледидарындағы тұңғыш диктор болу бақыты менің маңдайыма бұйырды»,- деп еске алады З. Мұқанова.

Сол жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне телехабарлар мен жаңалықтардың жүргізушісі ретінде қатысып, Юрий Левитан, Нина Кондратова сияқты бүкіл одаққа танымал дикторлармен қатар дикторлық өнердің құпиясымен танысады. Зұлқия Жұматқызы қара шаңырақта 1958 жылдан 1970 жылға дейін қызмет атқарған.

 

 




Көрілген: 174    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 09:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30