Жұлдызды жаңалықтар

“Шаншар” мен “Нысананың” бұрынғы актерлері жаңа театр құрды

  • “Шаншар” мен “Нысананың” бұрынғы актерлері жаңа театр құрды

    “Шаншар” мен “Нысананың” бұрынғы актерлері жаңа театр құрды


Қазақтың әділ-ысқақ әлемінде тағы бір театр пайда болды. Бірнеше әртістің басын қосқан “Қызық” театрын “Шаншардың” бұрынғы актері Ғалымжан Қаппаров құрған. Ал жаңа ұжымға ол “Нысана”, “Мафия мен тақия” театрларының актерлерін шақырған.




Бұл туралы Stan.kz Hit-Tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


“Бұл 1-2 жылдың ішінде қозғалып тірлік етін. Соның бәрін осы жігіттермен ақылдастым. Осы топтың құрылғанына ешқандай өкінбеймін. Өйткені бәріміз келісіп, аты да қойылып, құрам да осылай шықты”, – дейді театрдың негізін қалаушы Ғалымжан Қаппаров.


Қаппаров жаңа ұжымға “Нысана” театрының актері Жарас Ахметов пен “Мафия мен тақияда” өнер көрсеткен Бауыржан есімді актерді шақырған.


“Ол жерден мастанғандықтан я болмаса өнерге тойғандықтан кеткен жоқпыз. Жарас, мысалы “Нысана” театрында жүрді. Оны шақырған себебім, бұл кісінің бойындағы ең керек характер ол жерде ашылмады. Ал Бауыржан “Мафия мен Тақия” театрында болды, ол театр бұның мінезіне сай емес”, – дейді Қаппаров.


Жаңа басшысының сөзін Жарас Ахметов те қолдап отыр. Ол бұрынғы басшыларымен қарым-қатынасы түзу екенін атап өтті.


“Ғалекең 10 жылдың төңірегінде “Шаншар” әзіл-сықақ театрында, Бауыржан “Мафия мен Тақияда”, мен 10 жыл “Нысанада” ойнадым. Енді ол мектеп сияқты. Енді Ғалекең ашып жатқан театрды біз университет деп қабылдайын деп жатырмыз”, – дейді ол.


Stan.kz



 




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 15:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30