Жұлдызды жаңалықтар

"Шеш дейді": Луина ашық образдарына күйеуінің көзқарасы жайлы

  • "Шеш дейді": Луина ашық образдарына күйеуінің көзқарасы жайлы

Луина ашық образдағы суреттері үшін талай мәрте жұрттан сөз естіген бикештердің қатарында. Десе де, әнші бүгінде тәнін жалаңаштаудан тыйылған. Оған тұрмыс құрып, ана атануы себеп болыпты. Бұл туралы Луина НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Луина ашық образдарына күйеуі Артемнің көзқарасы жайлы айтты. 

"Қалыпты еркек сияқты қарайды. Егер ішімнен бірдеңе көрініп тұрса, оған ұнамаса, "шеш, киіміңді ауыстыр" дейді. Өзім де қазір бақылауда ұстайтын болдым. Не дегенмен бұрындары жас болдық. Ал қазір тұрмыстамын, анамын", - деп ағынан жарылды ол.

 
Бұдан өзге, өнер иесі карантин кезінде қалай күн көргенін айтты. Ол Instagram - негізгі табыс көзіне айналғанын жасырмады.  

"Қазір бағамды көтердім. 1,2 миллион оқырманым бар", - деді Луина. 

Өнер иесінің парақшасында бір пост құны - 500 мың, видео-пост болса - 600 мың теңге. Бір сторис - 250 мың болса, стористер сериясы 500 мың теңге тұрады екен.

"Ән айту қабілетін сыйлаған Жаратқанға алғысым шексіз. Әрі қарай ол өмірімде өрбіген оқиғалар. Мәселен, шоу-бизнес нарығына кәсіби әнші ретінде ену үшін бір кездері X-factor жобасына қатысып, танымал болдым", - деді Луина.




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 10:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30