Жұлдызды жаңалықтар

Шетелге керек қазақтың дәмі: Рахман Омар құрт шығаруды қолға алды

  • Шетелге керек қазақтың дәмі: Рахман Омар құрт шығаруды қолға алды

    Шетелге керек қазақтың дәмі: Рахман Омар құрт шығаруды қолға алды

Тележүргізуші, кино және театр актері Рахман Омар өзінің жеке брендін – құрт өнімін шығаруды қолға алды. Оны шетелге алып шығуға не шетелден келген қонақтарға ұсынуға болатындай етіп ерекше базарлық түрінде шығарған екен.

Актердің айтуынша, қазақ ауылының дәмін бойға сіңірген бір бренд бар. Ол – құрт.

"Ашаршылық, зұлмат жылдарында халыққа талғажау болған тағамның қадірін жете түсініп жүрміз бе? Бүгінде нарықта құрттың түр-түрі бар. Талғамға, дәміне қарап таңдай бер. Бірақ нағыз табиғи дәмі бар құртты аңсайсыз ба?

  Өз басым шетелге "мынау қазақтың дәмі" деп құрт апарғым келеді", - дейді Рахман Омар.

Осы ойдың жетегінде жүріп табиғи таза, ешбір қоспасыз, сертификатталған, патенттелген әрі формасы ересектерді де, балаларды да қызықтыратын жаңа құрт түрін өндіріске шығарған.

"Сонымен қатар, шетелге шыққанда қазақ халқының атынан базарлық ретінде ұсынатын құрт түрін шығардық. Мұнда хәкім Абайдың адамзатқа қатысты айтқан қара сөзі, құрттың қазақ тарихындағы маңызы да жазылған. Шетелдік достарыңыз, әріптес, серіктестер қазақтың дәмін татып, тарихымен осылайша таныса алады.

Ұлттық өнімді қайта жаңғыртып, ұлттық брендті насихаттау – әрбіріміздің қолымызда. Құрт – біздің асыл тасымыз. Ұлттық өнім шетелдік өнімнен кем түспейтінін дәлелдейік! – дейді тележүргізуші.

Qymbat Slyambek




Көрілген: 1424    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 15:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31