Жұлдызды жаңалықтар

"Шіркін-ай, кезінде Арыстанбекке тұрмысқа шыға салуым керек еді": Экс-министрге қарамай кеткен 5 балалы ана өкініп қалды

  • "Шіркін-ай, кезінде Арыстанбекке тұрмысқа шыға салуым керек еді": Экс-министрге қарамай кеткен 5 балалы ана өкініп қалды



Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының алғашқы махаббаты туралы сыр шертті. Айтуынша, бес балалы келіншек бір кездері экс-министрге тұрмысқа шықпағаны үшін өкінеді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап. 


Арыстанбек Мұхамедиұлы


«Алматы облысында білім ордасында оқыған кезде бір қызға қатты ғашық болыпсыз. Ол әйелдің қазір 5 баласы бар екен. Күйеуі жұмыс істемесе керек. Сіз министрлікте отырған кезде «Шіркін-ай, осы Арыстанбекке тұрмысқа шыққанымда ғой. Өмірім басқаша болатын еді» деп айтады екен», - деді журналист. 


Экс-министр өз кезегінде 5 баланы дүниеге әкелудің өзі бақыт екеніне тоқталды. Десе де, өзінің махаббатқа ессіз беріліп, сезімнің жетегінде кететіндей азамат емес екенін айтты. 


«Өнер саласында болғандықтан, ғашық болғанда міндетті түрде өлең жазасың. Әуен, ән шығарасың. Негізі ғашық болған керемет. Адам ғашық болған кезде алға ұмтылады. Ол сезім міндетті түрде керек. Намысы бар азаматтар ғашық болғанда арманына жеткісі келеді. (...). Бүкіл дүниені алға қарай жылжытып отыратын осы ғашықтық сезімі», - деп алғашқы махаббатын еске алды Арыстанбек Мұхамедиұлы. 


Бұдан өзге ол мектепте оқып жүрген шағында уақытты көңілді кештерден гөрі, білімге көбірек жұмсағанына тоқталды. 


Естеріңізге сала кетсек, экс-министр той мен асқа конвертке қанша ақша салып апаратынын айтқан болатын. 


 



 

 




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2019, 12:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30