Жұлдызды жаңалықтар

"Іштарлық деген жаман қасиет": Бадықова бірсарынды ойнайды дегендерге жауап берді

  • "Іштарлық деген жаман қасиет": Бадықова бірсарынды ойнайды дегендерге жауап берді

Соңғы кездері отандық телехикаялар мен фильмдерде жиі бой көрсетіп жүрген Дариға Бадықова халықтың назарына іліккен көрінеді. Актрисаға "бірсарынды ойнайсың" деп сын айтушылар көбейген. Олардың қатарында өнер тізгінін ұстағандар да бар. Бұл туралы Бадықова Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Дариға бірсарынды ойнайды" дейді екен ел. Елдің ішінде өнердің тізгінін ұстағандар да бар енді... Не дейін?!

“Біткен іске сыншы көп. Іштарлық деген жаман қасиет” десем банально болайын деп тұр, ә? Шырылдаған шындық қой, өздеріне сол бірсарынды рөл де бұйырмай жүргендер бар. Рас! Сондықтан бірсарынды ойнап кетті, сомдайтын рөлдері бір-біріне ұқсап кетті деп мені дым уайымдамаңыздаршы, иә? Мақұл, бірсарынды-ақ болсын, зато іш пыстырмайды", - деп жазды Бадықова.

Ол комедия майталмандарын еске алып, бірсарынды деп осындай кісілерді айтса, онда жаман болмағаным деп түйді.

"Ал шындығында, Никулин атам комедияның жілігін шағып, майын ішкен мысалы. Бикен Римова, Әмина Өмірзақова Ғазиза Әбдінабиевалар қандай еді? Егер бірсарынды дегендеріңіз осы кісілердікіндей рөл болса, ойбай бірсарынды-ақ болайын. Бұл кісілердей ойып тұрып орын алған актриса болсам, не арман?!

Білмеймін ше, өзімнің ішімде жалаңдаған қызыл ит болмағасын ба, дым түсіне алмаймын ондайды. Қайсыңның ауа райыңды бұзып қойдым, айналайындар. Көгілдір экраннан көлбеңдеп қайта-қайта шығып, нерівтеріңе тиіп жатсам, айып етпеңдер", - деді актриса.

Фанаттар Бадықоваға қолдау білдірді. 

"Өте жақсы ойнайсыз. Айтқандар айта берсін", "Сіз сияқты актриса жоқ. Айтатындар айта берсін. Тіл-көзден аман болыңыз", "Сіз болмасаңыз "Келінжан" сериалы қызық болмайтын еді, Қылышбектің ролін сіз ұқсап ешкім аша алмайтын еді. Оттай беретіндер көп қой, мән бермеңіз", - деп жазды олар.




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.08.2021, 11:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31