Жұлдызды жаңалықтар

Сиви Махмұди: Ақбота Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әндері де жоқ

  • Сиви Махмұди: Ақбота Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әндері де жоқ

    Сиви Махмұди: Ақбота Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әндері де жоқ

Сиви Махмұди өзін әнші емес деген Ақбота Керімбековаға еш ренжімейді. Ол өзгелердің пікірі маған әсер етпейді дейді. Тіпті Керімбекованың өзінің тыңдайтын әні жоқ деп сынға алды. 

Әнші Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне сұхбат берді. 

 

Сиви ханым Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әні жоқ деп отыр. Себебі өнердегі әріптесі жұмыс істемейді екен. Бұрынғы шыққан 1-2 әні ғана бар деген ойын айтты. Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекова Сивиді әнші ретінде мойындамайтынын жеткізген еді. Бұл пікірі Сивиге ұнамағаны рас. Оған жауап та беріп үлгерді.  

"Ақбота әпкеге рахмет айтамын. Сондай әншінің мен туралы айтқанының өзі үлкен мәртебе. Мен ешкім болмасам, мен туралы айтпас еді. Ол кісі әнші емес деп айтқаны үшін мен әнші болмай қалмаймын. Мен өзіндік даусы бар өнер адамымын. Басқалар секілді өзгенің даусымен ән айтып жүрген жоқпын. Халық менің даусымды ұнатады. Желіде пікір жазып жатады. Барлық кезде өз даусыммен ән айта алатын, одан қашпайтын адаммын. Өзімді әншімін деп есептеймін", - деді Сиви. 

Айтуынша, Керімбекова шығармашылығына көп көңіл бөлмейді. Тыңдауға лайық әні де жоқ екен. 

"Ақбота Керімбекова - жақсы әнші. Даусы бар. Бірақ тыңдайтын әні жоқ. Бұрын бір-екі әнін тыңдап жүргенбіз. Қазір жұмыс жасамайды. Мен де жұмыс жасамаймын. Мен үш баламен үйде отырған адаммын. Үйде отырған адамды осылай сынаудың өзі дұрыс емес", - деді Сиви Махмұди. 

 
 

 




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 20:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31