Жұлдызды жаңалықтар

"Сұлтан Сулейман" телехикаясындағы танымал актриса қайтыс болды

  • "Сұлтан Сулейман" телехикаясындағы танымал актриса қайтыс болды

“Сұлтан Сулейман” тарихи телехикаясы арқылы көпшілікке танымал болған актриса Сабина Тозия 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы сериалда Хюррем Сұлтан рөлін ойнаған Мерием Узерли мәлімдеді. 

 
"Мен сені қатты жақсы көремін. Біз "Сұлтан Сулейман", " Ананың жарасы" және "Мафия әлемді басқара алмайды” деген үш жобада бірге жұмыс жасадық. Кеше сен бізді тастап кеттің. Жүрегім қанжылап тұр", – деп жазды Узерли.

Өлімнің себебі айтылмады, бірақ 2021 жылдың басында Тозияға ми ісігі диагнозы қойылғаны белгілі.

Актрисаға ота жасалды, бәрі ойдағыдай өткен болатын.

Сабина Тозия 1946 жылы 17 сәуірде Скопьеде (Солтүстік Македонияда) дүниеге келген. Ол актерлықты сол жақта меңгерген. 

Актриса 2011-2014 жылдар аралығында жарық көрген "Сұлтан Сулейман" сериалындағы Сұлтан Сулейманның екінші анасы Афифе-Хатунның рөлімен танымал. Тозия соңғы жобасынан денсаулығына байланысты шығып кетуге мәжбүр болған. 




Көрілген: 1721    Пікірлер: 0

жұма, 13.08.2021, 22:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30