Жұлдызды жаңалықтар

«СҮЙІНШІ»: Тәуекел Мүсілім әке атанды

  • «СҮЙІНШІ»: Тәуекел Мүсілім әке атанды

    «СҮЙІНШІ»: Тәуекел Мүсілім әке атанды

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім алғаш рет әке атанды. Шоу-бизнес жұлдызының жары оған ұл бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілімнің ұлды болғаны туралы қуанышты жаңалықты оның жақын достары Instagram желісінде жарыса хабарлады.

Отандық тележүргізуші әрі актер Олжас Әлжанов Stories бөлімінде қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, өнердегі бауырының қуанышымен асыға бөліскен. 

"Сүйінші қазақ еліне +1 палуан. МашАллах, қасиетті жұма күні" , - деп жазды ол.

Тәуекел Мүсілімді алғаш рет әке атануымен оның өнердегі ағасы Ерлан Бұхарбаев ерекше құттықтаған.

Ол жас ата-анаға өз ақ тілегін жолдаған. "Бүгін Інім ұлды болды. Шын жүректен Тәуекел мен Махаббатты құттықтаймын. Баланың бауы берік болсын! Еліміздің үлкен азаматы болып өссін" , - деп жылы лебізін білдірді Бұхарбаев.

Желі қолданушылары бұл көптен күткен жаңалыққа аса қатты қуанып, алғаш рет балалы болған жұлдызды жұпқа өз құттықтауларын жаудырды.

"Кішкентайдың бауы берік болсын. Өзіңіз секілді үлкен азамат болсын" , "Тәуекел сіз үшін қатты қуанып тұрмын. Қасиетті жұмада ұлды болыпсыз. Бұл керемет жағдай" , "Балаларыңыз көп болсын. Ұлыңыз сізге тартсын" , "Мүсілім отбасын шын жүректен құттықтаймыз. Бұл сәбидің дүние есігін ашуын барша қазақ елі асыға күтті ғой. Құтты болсын. Нәрестенің дені сау болсын" , - деп жазуда желі қолданушылары.       




Көрілген: 1741    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31