Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Тағдырымды вакцинаға емес, Аллаға тапсырдым» - Балғынбек Имашев

07 ақпан 2021, 19:26

Құрамы белгісіз вакцина салуға мәжбүрлесеңдер Қазақстанның азаматтығынан бас тартып одан қалса «көшеге шығып, қару алып соғысамын» жұртты дүрліктірген атышулы айтыскер ақынымыз Балғынбек Имашев өліп кетсе де өзіне салдырмайтынын айтып тағы бір пост жазғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Балғынбек мырзаның айтуынша, өз тағдырын екпе емес, Аллаға тапсыруды жөн көрген.

«Адамдарды АллаТағала ұлттар мен ұлыстарға бөлген.
Енді Әлемдік күштер күштеп вакцина салдыру үшін бізді әр түске топтайтын болыпты.
Екпе ектіргендер Жасыл.
Екпе екпегендер Қызыл.
Одан бөлек түстер де бар ПЦР тест тапсырғандар, ауырып айыққандар т.б.

Яғни, Жасылдарға бәрі рұқсат! Қызылдарға кейбір жерлерге рұқсат жоқ. Бұл мәжбүрлемей-ақ мәжбүрлеу ғой.

Мен жазда ауырып шықтым. Енді маған екпе егу керек емес. Керек болса да екпес едім. Тағдырымды вакцинаға емес, Аллаға тапсырдым. Алла Ұлық. Шайтанға құлдық жасағандар, Алладан басқа қожайыны бар жандар, менен аулақ жүріңіздер! Екпең де, өкпең де өзіңе!
#екпегеқарсымын» , -  деп жазған ол өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізде болса, осығандейін де бірнеше рет Балғынбек коронавирусқа қатысты сенімсіздік білдіріп қана қоймай міндетті екпеге де қарсы шыққан болатын. «Еркімнен тыс екпе салатын болсаңдар елден кетем!» деп ешкім күтпеген мәлімдеме жасаған болатын. 

«Біздің Парламенттің сыйқы осы енді. Бір депутат қарсы, екеуі қалыс, қалғаны үнемі қолдайды!
Енді құрамы белгісіз, сапасы белгісіз, шетелден келетін екпелердің жартысы ерікті, жартысы мәжбүрлі түрде міндетті болады!

Әншейін ғана гриптің бір түріне ковид19 деп айдар тағып, әлемді дүрліктіріп Пандемия жариялаудың мақсаты да осы болатын.
* Әлемді үрейлендіру!
* Әлемді кедейлендіру!
* Әлемді басқару!
* Әлемді вакцинациялау!
* Әлемді құл қылу!

Жоқ, маскалы мырзалар!!!
* Біз сіздерден емес, құдайдан қорқамыз!
* Бізге Ризықты Алла береді! 

Менің балаларым - менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды!

Егер алдағы уақытта менің Конституциялық құқығым тапталатын болса, мен Ата Заңына қарсы, халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартамын!», - деп жазған сол жолы.

https://www.instagram.com/balgynbek_official/?utm_source=ig_embed