«Тақиялы періште» культ фильмінде басты рөлді ойнаған Әлімғазы Райымбеков өмірден озды.
«Тақиялы періште» культ фильмінде басты рөлді ойнаған Әлімғазы Райымбеков өмірден озды. Ақпаратты «Қазақфильм» киностудиясы растады.
⠀
2020 жылы 24 қарашада Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков өзінің 85 жылдығын атап өтті. Оның 10 баласы, 22 немересі және 20 шөбересі бар. Актердің кинографиясы «Қан мен тер», «Ән қанаттары», «Асуда», «Көк жол» сияқты 10-нан астам танымал фильмдерді қамтиды.
⠀
Режиссер Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» ұлттық кино қазынасына түсіп, композитор Александр Зацепиннің фильмде айтылған әндері хитке айналды.