Жұлдызды жаңалықтар

Танымал блогер анасына Алматының қақ ортасынан пәтер сыйлады

  • Танымал блогер анасына Алматының қақ ортасынан пәтер сыйлады

    Танымал блогер анасына Алматының қақ ортасынан пәтер сыйлады

Белгілі блогер Карина Оксукпаева анасына Алматының қақ ортасынан пәтер сыйлады. Каринаның оқырмандары оның анасымен жақсы таныс. Қызы бизнеспен айналысып жүргенде, немерелеріне қарайласып тұрады. Стористе жиі бой көрсететін "кейіпкерді" көпшілік Галя деп таниды, деп жазады Stan.kz.

Екі баланы жалғыз өсірген Галя оларды қатарынан кем қылмау үшін көп жұмыс істеген. Барахолкада саудамен айналысқан. 

"Білемін, жейтін ештеңе болған жоқ деп қайғырсам, ешкімге ұнамайды.Бірақ расымен солай болды. Әсіресе, қыстың күндері. Бірақ менде әрқашан таза, үтіктелген форма, мектепке қажетті құралдар мен репетитор болды.Себебі анам өзіне ешқашан ештеңе сатып алмайтын", - деп бөлісті Карина.

 
Арада жылдар өткен соң, Карина анасына алғыс ретінде пәтер сыйлады. Блогер пәтерді анасы 50 жылға жуық тұрған ауданнан таңдаған. 

Пранк пен әзіл-күлкіні жаны сүйетін Карина пәтер сыйлау сәтін де драмаға айналдырған. Анасымен "затты тап" ойынын ойнап, тосынсый жасаған. Кілтті қолына алған сәтте Галяның қолы дірілдеп, қуаныштан жылап қалды. Өз көзіне өзі сенбей, қызын құшақтады. Бұл сәтте оқырмандар да Карина мен анасымен бірге жылағандарын жазып, тәнті болды.

Каринаның жары Арман Юсупов та болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл - отбасымызға көмектесу үшін барын салған адамға алғыс. Өмір бойы түрлі қиындықтар көрген адамға қайтқан жақсылық. Егде жасына лайықты бақыт", - деп атап өтті Арман.




Көрілген: 3054    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.07.2021, 10:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30