Жұлдызды жаңалықтар

Танымал боксшы Әділбек Ниязымбетов жаңа қызметке тағайындалды

  • Танымал боксшы Әділбек Ниязымбетов жаңа қызметке тағайындалды

    Танымал боксшы Әділбек Ниязымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, боксшы Әділбек Ниязымбетов жаңа лауазымға тағайындалды. Ол Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебінің директоры болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әділбек Сәбитұлы 2014 - 2018 жылдары Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Маңғыстау бокс клубы» МҚҚҚ спортшы-нұсқаушысы болып істеген. 2019 - 2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиада орталығында әдіскер, 2020 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ш.Бөлтекұлы атындағы МО жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

 
Әділбек Ниязымбетов әр жылдары түрлі наградалар мен сыйлықтарға иегері атанған. Ол 2011 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері атанса,  2012 жылы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Лондон, Ұлыбритания) болады. 2012 жылы Құрмет орденімен марапатталған 2014 жылы Азия ойындарының чемпионы (Инхон/Корея), ал 2015 жылы Азия чемпионы (Бангкок/ Тайланд ) болады. 2016 жылы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Рио де Жанейро/ Бразилия), 2016 жылы «Барыс» орденімен марапатталған -2016 жылы «Дарын» сыйлығының лауреаты атанған.




Көрілген: 691    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.03.2021, 16:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30