«Төбелесіп, шаш жұлған кездеріміз де болды»: Ләйлә Сұлтанқызы жастық шағын еске алды

28 маусым 2022, 14:43

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жастық шағын есіне алып, өмірінде болған қызықты оқиғаларын бөлісті. БАҚ өкілі төбелесіп, шаш жұлысқан кездері де болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы жас кезінде басынан өткен жағдайларды Instagram желісінде баяндады. Ол радио саласында қызмет етіп жергенде әріптестерімен жастарға арналған ауқымды кештерді ұйымдастырған. Сөзінше, көңілді жиындардың соңы міндетті түрді төбелеске ұласқан. "Біз не көрмедік? Төбелесіп, шаш жұлған кездеріміз де болды Радиода жұмыс істеп жүргенде Қапшағайда Openair дискотекалар ұйымдастыратынбыз. DJ Isenov, Zayac, Sniper, Timoffey -дің дүрілдеп тұрған кезі. Бір топ болып, бір көлікке әріптестерімізбен отырып алып, Алматыдан Қапшағайға жолға шығамыз. Түн, жол, көңілді компания. Барған кезде кезекте тұрған 1045 көлік, бүкіл Алматы жастары, демеушілер - түрлі сыра брендтері. Қаланың жастары бөлек, басқаша көңіл көтеретін, соларға ұқсағымыз келіп жарасса да, жараспаса да би алаңын бермейтінбіз.

Сөйтіп тұрғанда басқалармен сөзге келіп қалатын кездер көп болды. Сосын сөзден сөз, гонордан гонор, соңы төбелес. Жаңа ғана бірге билеп тұрғандардар енді "жау" болып, ерегіс басталады. Соңында қалай ажыратып жүргеніңді өзің де білмей қаласың. Бетім қанап, шашым жұлынып, төбелеспесем де ажыратып жүретінмін. Осылай әр апта соңын асыға күтетінбіз. Қызық, әрі көңілді. Балалық дерсіз, десе де не деген бойымызда қорқыныш жоқ заман. Қазір сол кезде "төбелескендер" 40-тан асқан көке, тәте шығар. Естеріне түссе, күлкісі де келер. Өзім де жазып отырып, күліп отырмын.

Балаларым солай жасаса не болар еді деп қоямын, бірақ ана жүрегі түсінсе де, түсінгісі келмейді емес пе", - деп жазды ол.