Жұлдызды жаңалықтар

Тоқаев әнші Роза Бағланованың есімін мәңгі есте қалдыруды тапсырды

  • Тоқаев әнші Роза Бағланованың есімін мәңгі есте қалдыруды тапсырды

    Тоқаев әнші Роза Бағланованың есімін мәңгі есте қалдыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың есімін мәңгі есте қалдыруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол &ndash Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым", - деп жазды Twitter-дегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Айта кетейік, Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қазалыда (Қызылорда облысы) дүниеге келді, 2011 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Кеңестік, қазақ опера және эстрада әншісі (сопрано).

Эстрада жұлдызы Роза Бағланова бүкіл дәуірдің ұлттық символы деп аталды. Соғыс жылдарында тон мен құлақшын киіп, сарбаздардың рухын қолдау үшін майдандағы концерттерде 18-20 ән шырқады.

"Қазақстанның Халық қаһарманы" атағының, "Германияны жеңгені үшін" медалінің және т.б иегері. Оны Кеңес Одағында "кішкентай қазақ қызы" деп атап кеткен.




Көрілген: 1647    Пікірлер: 0

сенбі, 02.01.2021, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30