Жұлдызды жаңалықтар

Тоқаев көлік айнасының ұрлануын масқара жағдайға теңеді

  • Тоқаев көлік айнасының ұрлануын масқара жағдайға теңеді

    Тоқаев көлік айнасының ұрлануын масқара жағдайға теңеді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің жиынына қатысып, ұрлықтың көбеюіне қатысты пікір білдірді. Қылмыстың 70 пайызы ұрлықтан тұрады деген ол жаппай көлік айнасының ұрлануын масқара жағдайға теңеді. Бұл туралы Stan.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Тоқаев көлік айнасының ұрлануын масқара жағдайға теңедіҚасым-Жомарт Кемелұлы жастардың санасын улаған есірткі саудасы мен ауылда белең алған барымта жағдайынан да хабардар. Ол жиын үстінде жауаптыларға тапсырманы үйіп берді. 


Әйткенмен президент тәртіп сақшыларының жұмысын жоғары бағалайтынын айтты. Алайда олардың қызметтік беделіне нұқсан келтіретін кей жайттар бар. Мәселен, халық 102 нөміріне қатысты жиі шағым айтады. "Уақытылы келмейді, өтінішке құлақ аспайды". Ал бүкіл қылмыстың 70 пайызын ұрлық құрап отырғаны президент үшін масқара жағдай. 


"Бұл масқара жағдай", - деді президент жиын кезінде. 


Көлік айнасына араша түсемін деген Денис Тен көз жұмды. Ал Олимпиада чемпионы үйтіп-бүйтіп аман қалды. Әр бесінші ұрлық - ұялы телефон болып тіркеледі екен. Сондай-ақ, мемлекет басшысы мал ұрлығына тоқталды. 

"Оны «барымта» дейді немесе мал ұрлығы. Кей көршілерімізде ұрлықтың бұл түрі заңның арнайы бабы бойынша қатаң тергеледі. Үкіметке қылмыстың осы түрі бойынша тергеуді күшейтуге заң тұрғысынан қажетті шараларды дайындауды тапсырамын", - деді Тоқаев жиында.


Ал қалада ғаламтор арқылы есірткі саудасы қызып тұр. Ел көп шоғырланған аудандарда есірткі сататын сайттардың жарнамасы ашықтан ашық жарияланып тұр. Бұл мәселеге келгенде, президент полицейлердің қызметіне күмән келтірді. 

"Бұл құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің қатысы бар деген ойға жетелейді. Сондықтан заң тұрғысынан бақылауды күшейту керек. Бұл мәселені түбегейлі жою үшін полиция заманауи технологияларды қолдана білу керек", - деді Тоқаев.


Ал жалпы президент тәртіп сақшыларының жұмысын жоғары бағалап отыр. Ол суға кеткен әйелді құтқармақ болып көз жұмған полицейді, жануарларды қорғап, қаза тапқан қарағандылық қорықшыны мысалға келтірді. 


 


Айтпақшы алдағы уақытта елімізде визаның электронды түрі мен туристік полиция пайда болуы мүмкін. ІІМ осындай қызмет түрін енгізу туралы ұсыныс жасап отыр. Президент қарсы емес, оны қарастыратынын мәлімдеді.

 




Көрілген: 893    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 22:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31