Жұлдызды жаңалықтар

Тоқаевты бірнеше елдің басшысы құттықтады

  • Тоқаевты бірнеше елдің басшысы құттықтады

    Тоқаевты бірнеше елдің басшысы құттықтады

Ақорда Ресей, Қырғызстан, Оңтүстік Корея және басқа елдер президенттерінің құттықтау жеделхаттарын жариялады

Қазақстан президентінің атына бірқатар мемлекеттің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Жаңа жылмен құттықтаған жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин өзінің жаңа жылдық құттықтауында 2019 жылдың Қазақстан үшін айтулы оқиғаларға толы болғанын, соның ішінде, биліктің Конституцияға сәйкес ауысқанын және мемлекет басшысының сайлаудағы айқын жеңісін атап өткен. 

"Бізге Ресей мен Қазақстан арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастардың әлеуетін толықтай сақтап қалғанымыз ғана емес, сондай-ақ, стратегиялық серіктестікті, одақтастықты және тату көршілікті нығайту үшін бірлескен  жұмыстарды жалғастыру маңызды. Оған Мәскеу мен Нұр-Сұлтанның Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт  ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы күш-жігерінің үйлесім табуы тың серпін берді. Келе жатқан жаңа жылда мемлекеттеріміз арасындағы ықпалдастық қарыштап дамитынына сенімдімін", – делінген Ресей көшбасшысының құттықтау хатында.

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков келе жатқан жаңа 2020 жылмен құттықтаған жеделхатында Қазақстан халқына бейбітшілік және бақ-береке тілеп, өзінің шынайы лебізін білдірді.

"Жаңа жылда біздің бірлескен күш-жігеріміз екіжақты стратегиялық серіктестікті және бауырлас қырғыз-қазақ халықтарының игілігі жолындағы одақтастық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенемін", – делінген Сооронбай Жээнбековтің жеделхатында.  

Корея Республикасының президенті Мун Чже Ин мен бірінші ханым Ким Чжонг Сук корей халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.   

"Корей түбегінде бейбітшілік орнату ісіне көрсеткен қолдауларыңыз бен ынтымақтастықтарыңыз халқымыздың болашаққа деген сенімінің қайнар көзі саналады. Корея халықаралық қоғамдастықпен бірлесіп, инклюзивті және тұрақты әлем қалыптастыру ісін жалғастыра береді", – делінген жеделхатта.  

Сонымен қатар, мемлекет басшысының атына өз құттықтауларын Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев, Ауғанстан президенті Мұхаммад Ашраф Ғани мен бірінші ханым Рула Ғани, Литва президенті Гитанас Науседа мен бірінші ханым Диана Науседене, Сингапурдің премьер-министрі Ли Сянь Лун мен оның жұбайы, Канаданың Генерал-губернаторы Жюли Пайет, Ресей Федерациясы федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо жолдады.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 277    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.12.2019, 18:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29