Төреғали Төреәлінің қарындасы ата-енесіне коттедж сыйлады (видео)

10 желтоқсан 2021, 08:36

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза жұбайы Дархан Нортаевпен бірігіп, ата-анасына коттедж сыйлады. Зәулім үй Нұр-Сұлтан қаласының орталығында орналасқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Қуанышты хабарды елге Фаризаның өзі жеткізді. 

"Біз үшін үнемі дұғасын тілеп, бағып-қағу үшін бар өмірін арнаған жанашырларымыз! Ата-анамыздың разылығынан артық бақыт бар ма?
Жанымызда болсын, жағдайларын жасайық деген мақсатпен Астананың орталығынан жер үй алдық, осы жылғы басты мақсатымызға Алла қалауымен жеттік! Жаным жай тауып, ерекше сезімге бөленіп отырмын.

Ата-анамызға біздің амандығымыздан артық ештеңе де керегі жоқ, десе де олардың разылығына жету - біздің міндет! Осы өмірде Алла разылығын көздеген адам - екі дүниенің бақытын тауып ғана қоймай, тура жолда болмақ. Сіздер бар жақсылыққа лайықтысыздар, Дархан екеуіміз бәрін жасаймыз! Тек аман болыңыздар", - деп жазба қалдырды ол. 

Үйдің кілтін табыстау кезінде әкесінің көңілі босап, жылап қалды. Ал желі оқырмандары екі жасқа риза болып, жылы тілектерін жаудырып жатыр. 
"Ма щаа Аллах. Аллахым өздеріңе де өздеріңдей ұрпақ нәсіп етсін ин щаа Аллах! Ұрпақтарыңмен мың жасайтын үлкен әулет болыңдар", - деп құттықтады Төреғалидің жұбайы Толқын. 

Айта кетейік, Фариза Төреәлінің жары Дархан Нортаев - спортшы. Ол джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған алғашқы қазақстандық.