Жұлдызды жаңалықтар

Төреғалидің жары: Күйеуімен иілемін, бұл сырт көзге қауқарсыз "лох" болып көрінгенмен, бұл үлкен күш

  • Төреғалидің жары: Күйеуімен иілемін, бұл сырт көзге қауқарсыз

    Төреғалидің жары: Күйеуімен иілемін, бұл сырт көзге қауқарсыз "лох" болып көрінгенмен, бұл үлкен күш

Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарқызы өзі мен жолдасының ара қатынасы туралы айтты. "Бір адам емен ағашындай иілу керек" деген ұстанымды ұстанған келін бұл тату отбасының сыры деген кеңесін айтты. 

"Төрем екеуміз отау құрғанда, барлық отбасын құрдымға әкелетін бәленің алдын алу мақсатында, екеумізде де еркелік бар, өзімізге жетерлік мінез де бар, сасық көкірек бәрінде бар, егер де екеуміз екі жаққа кететін болсақ, тек -Тәкаппарлықтан, - деді! Сондықтан, қандай жағдай болмасын, арамызда ұрыс шығатын болса, біреу емен ағашындай иілу керек, кім иіледі ? - деп сұрады. Әрине мен, - деп жауап бердім! Содан бері сол уәдемде тұруға тырысып келемін! Шындығында, ол өте көп еңбекті талап етеді екен.

 
Қаншалықты сабырлы болам деген сайын, пендешілік ойлар, көкіректі кернеп тұратын әрине. Сырт көзге қауқарсыз, орысша айтқанда лох болып, көрінгенмен, бұл үлкен күш! Ашудың үстінде сабырды сақтап, эмоцияңды ұстай білу - тіптен күшті. Тойымызды отау құрғаннан кейін 3 жылдан кейін жасадық! Мен ол кезде екі ханшайымның анасы, үшінші сәбиіме аяғым ауыр еді.

Айналам мені біраз сөз етіп, жаңалықтар біраз жыр етті... Десе де, Алланың қалауынсыз ештененің болмайтынын, сырттан тон пішудің қандай күнә екенін көбіміз білсек те, мән бере бермейміз-ау", - деп жазды Толқын.

Тұрарқызы отбасы құрған сәті мен тату отбасы құрудағы қадамдарын тәптіштеп айтты. Екі жастың тойы үш жылдан соң өткені белгілі. Мұның себебін ашық айтпаса да, жұлдызды әулет дүркіретіп той жасады. Келінді халыққа таныстырды. 

"Бастапқы 3 жыл бойы Жарымның концертіне бармайтынмын, тақымымды қысып, тілеуін тілеп отырғаным, сахнадан тамашалап отырғаннан маңызды еді, әрі Жарыма ол уақытта сол үлкен қолдау болды!

Шынымды айтсам, ол кезде отбасы - деген фундаментті қалау басты приоритет болатын. Жағаласа-жарыса жүргеннен, күн-түн халықтың алдында жүрген Азаматымды күтіп-алып, шығарып-салу ең үлкен жұмыс деп білдім! Бастапқыда үйрену оңай болмады, әрине, гастрольдік сапардан-сапарға аттанатын жарымды, тағатым таусыла күтумен жүретінмін!

Неге әлеуметтік желіде жоқпын, неге олай емес, неге бұлай емес деген сұрақтар мені мазаламаған екен. Себебі, Жарыма деген - Сенім, бір сәтке де күмән тудырған емес! Жарымның қалауы - Алланың қалауы деп қабылдадым!", - деді Толқын Тұрарқызы.

"Ақылыңыздан айналдым!", "Кереметсіз. Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін", "Келіндердің сізден үйренері көп", "Өте иіле беру дұрыс емес, әркім өз өмірін қалағанынша сүру керек", - деп жазды желідегі оқырмандар. 




Көрілген: 2488    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.03.2021, 13:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30