Жұлдызды жаңалықтар

"Түбі шығады": Айдарбекова Сырым Исабаев туралы бар шындықты айтты

  • "Түбі шығады": Айдарбекова Сырым Исабаев туралы бар шындықты айтты

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өнерге жұлдызды ұлымен бірге қадам жасаған Сырым Исабаевқа қатысты бар шындықты айтты. Қайрат Нұртастың анасы шығармашылығы шарықтап тұрған әртістің не себепті сахнамен қош айтысқанын жайып салды. Айдарбекованың сөзінше, Сырым шоу-бизнестен қатты шаршап кетіп, басқа жолды таңдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova/әлеуметтік желіден. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova/әлеуметтік желіден. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Гүлзира Айдарбекова Сырым Исабаев үнемі ән айтып жүре бергісі келмей, бизнеске бет бұрғанын алға тартты.

Оған қоса, продюсер әншінің өнерден кетіп, құлшылық ете бастағанын айтып қалды.

"Сырым Исабаев қазақи тұрғыда әпке ретінде сыйлады. Оны Қайраттың қасына алып жүріп шығарған болатынмын. Екеуі жақсы әндер шырқап, әншілігін бірге бастады. Керемет әндер шықты.

Тойға барса да, концертке барса да ол Сырым Исабаев болып қалады. Бірінші Алла, екінші мен оның атын шығарып бердім. Сырым өзі онша ән айтқысы келмей, кейін Меладзе секілді ұмытып кетіп, қайта шығуды ойлаған.

"Өзімнің басқа жұмыстарымды істесем, мен өмір-бақи әнші болып жүре алмаймын. Шаршап қаламын" деп жүрді. Өзінің бизнесі бар. Оның үстіне құлшылық етіп жүр. Басқа жол таңдады.
 
 
Бірақ, бәрібір жүрегінде ән болған соң, сағынады. Ол бәрібір естелік пен тарих. Қайрат екеуі сары балапан сияқты шыққан. Бәрібір жүрегі қалап тұрады. Түбі қайтадан шығады деп ойлаймын" , - деді продюсер.

Айта кетейік, бұған дейін Сырым Исабаевтың досы әншінің сахнаға оралатынын жеткізді.

 

 




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 20:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31