Жұлдызды жаңалықтар

«Түк те арланбаймын»: Ердос Қанаев шөп орып, тезек терген күндерін есіне алды

  • «Түк те арланбаймын»: Ердос Қанаев шөп орып, тезек терген күндерін есіне алды

    «Түк те арланбаймын»: Ердос Қанаев шөп орып, тезек терген күндерін есіне алды

Арасында қойларға ән айтып қоясың. Қысқа малдың шөбін орасың, оны жинайсың.

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев бала кезде ауылда қандай істермен айналысқанын әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы жайып салды. Ол қара жұмыс істеп, қарапайым киінгені үшін түк те арланбайтынын жеткізді. Тезек теріп, шөп шауып, бау-бақша жұмыстарын істеген ол балалық және бозбалалық шағына ойша саяхаттап қайтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ердос Қанаев мұнан бөлек, самолетпен ұшып, суретке түсу - өзіне абырой емес екендігін жеткізді.

"Сіз қарапайым екенсіз", "Осындай болу керек" деген сияқты пікірлерді оқып қаламын, кей-кезде. Бұл біріншіден, Құдай жаратқаннан, табиғатым сондай. Мақтау Аллаға ғана лайық!

Екіншіден, өз басым мұндай фото салуға түк те арланбаймын. Айтыңыздаршы не үшін ұялуым керек!? Туыла салып, микрофон ұстап, күнде самолетпен ұшып жүрген адам сияқты болмай-ақ қояйықшы! Енді не үшін ұялмайтынымды жазайын.

Кішкентай кезімнен, ес білгеннен бастап, мектеп бітірген кез былай тұрсын, университетте оқып жүрген күннің өзінде, бау-бақшаның шөбін шауып, жұлып өстік. Таң атпай кетесің шабындыққа кетесің, содан түн болғанда бір-ақ қайтасың. Ерте көктемде кіресің, қар жауғанда бір-ақ бітеді ол жұмыс.

Қысқасы, "Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың" деген сияқты ғой. Еее, оның машахатын сол шабындықтың отымен кіріп, күлі мен шығатындар ғана түсінеді. Одан бөлек мал бар, қой кезек бар. Ауылдың қойын алдыңа салып алып, кетесің 5-6 километрге. Арасында қойларға ән айтып қоясың. Қысқа малдың шөбін орасың, оны жинайсың. Сабан келеді сусылдап. Оны палаткамен жинайсың. Тезек тересің. Ол тезек қыста отын. Анашыма нан жапқанға отын. Одан есекке арбаны тиеп алып тоғайға кетесің. Оны шабасың, жинайсың. Үйге келген соң оны аралайсың. Оны сарайға жинайсың тағы. Одан кейін үйге су тасу керек күніге. Екі піләкті (фляг) алып аласың да су тасисың. Совет өкіметі кеткен соң су деген арман болды ғой. Кімнің үйінде құдық бар. Сол үйден су таситынбыз. Одан қала берді есігіңнің алдындағы бау-бақшаң бар. Одан тоғайға кетесің, қарақат теруге, үстің жара-жара болып. Тегін тосап. Оның өзі ақша. Оны термесең тосап жоқ. Мен бұған арланбаймын. Әлхамдулиллә! Қайта қуанамын", - деп ағынан жарылды.

Еңбектің наны тәтті болатынын жақсы білетін әнші отбасында бауырларымен бірген әкелерінің киімін кигенін де айтты.

"Осылай еңбектеніп өстік. Қиналдық. Есесіне сол қара еңбек пен жеген дүниеңнің дәмі бөлек болатын. Ешкімге қол жаймадық. Әкеміздің киімін, ағамыз киді. Одан біз кидік, менен кейін ініміз киді. Сонда киім ысырап деген жоқ қой бір киіп тастай беретін дейтін. Сол кездегі киімдерді әдейі 4-5 адам бірінен кейін бірі кисін деп, арнайы шығарама қайдам!? Әйтеуір әкеміздің киімі өмірі тозбаушы еді ғой сабазың! Қалада велосипедті қыдыру үшін мінсе, біз шабындыққан бару үшін мінетінбіз. Сондықтан мен үшін самолетта фотоға түсу авторитет емес. Мен үшін авторитет - қарапайымдылық", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.




Көрілген: 1552    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 22:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30