Жұлдызды жаңалықтар

Түріктің белгілі әншісі Абайдың әніне клип түсірді (видео)

  • Түріктің белгілі әншісі Абайдың әніне клип түсірді (видео)

    Түріктің белгілі әншісі Абайдың әніне клип түсірді (видео)

Түркияның белгілі әншісі Айбен Ерсой қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әніне бейнебаян түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Әншінің жеке парақшасы

Фото: Әншінің жеке парақшасы

Өнер иесі осы жылы 175 жылдығы тойланып жатқан Абайдың "Көзімнің қарасы" атты әніне бейнебаян түсірген.

Клипті Айбен Ерсой Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, жазба арнады.

"Биылғы маусым айында Қазақстанның астанасында қазақ достарымыздың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы құрметіне фестиваль ұйымдастыру жоспарланған еді. Шарт бойынша, әрбір елден келген қатысушылар ұлы ақынның бір әнін шырқауы керек болатын. Біз Абайдың "Көзімнің қарасы" атты туындысын заманауи өңдеуде дайындадық. Өткен аптада Станбулдың ең көрікті жерлерінің бірі – Сұлтан Ахмет мешіті жанында бейнебаян түсірдік. Алайда, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бұл жоба тоқтатылды. Десек те, біз бастаған ісімізді аяқтап, туындыны сіздермен бөлісуді жөн көрдік", - деді түрік әншісі.
 
 

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жарық көрген болатын.

"Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті", - деді ол.

 

 




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

жұма, 27.03.2020, 09:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30