Жұлдызды жаңалықтар

"Тұрсен, сен өзі сау адамсың ба?": Баян Алагөзованың күйеуіне ұрысқан сәті тікелей эфирге түсіп қалды

  • "Тұрсен, сен өзі сау адамсың ба?": Баян Алагөзованың күйеуіне ұрысқан сәті тікелей эфирге түсіп қалды

Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсынғали Алагөзовке ұрысқан сәті камераға түсіп қалды. Ыңғайсыз сәтке барша қазақстандық куә болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Отандық психологпен тікелей эфирге шыққан Баян Мақсатқызына жолдасы қайта-қайта кедергі келтірген. Төзімі таусылған продюсер ақыр аяғында Тұрсынғали мырзаға ұрысып берді. Эфир аяқталғанымен, Алагөзова оны өшіруді ұмытып кеткенге ұқсайды. 

"Турсен, сен өзі сау адамсың ба? 10 рет дәретханаға барып, тіпті есікті жаппадың. Унитазды қалай ағызғаның естіледі ғой. Мен тікелей эфир өткізіп жатсам, сен әдейілеп әрі-бері жүрсің, қатты күліп жатырсың. Одан кейін, бөтелкелерді лақтырдың. Турсен, солай жасауға бола ма? Бұл деген құрметсіздік қой", - деп ұрысты Баян Мақсатқызы. 

Ал Тұрсынғали Алагөзов бұл әрекеті үшін жұбайы мен оның оқырмандарынан кешірім сұрады.

Эфирді тамашалаған желі қолданушылары күлкіге қарық болғандарын жеткізді.

"Баян ханым, соңында өлтірдіңіз. Ай Құдай, Тұрсен-ай, әрі-бері том и джерри болып көзге түсіп, жақсылап сөз естіді-ау", "Түнге қарай жақсылап бір күліп алдық. Көңіл күй үшін рахмет", "Олардың ұрысуының өзі әдемі. Екінші жартыңызды қалай орнына қоятыныңызды жиі эфирге шығарып тұрыңызшы", "Баян Мақсатқызы, сіз ерекше ғажап әйелсіз. Тіпті ұрысқаныңыздың өзі мәдениетті, этиканы сақтайсыз. Тұрсен аға жай ғана қызғанып, онысын сөзсіз білдірген сияқты", "Соңында не болғанын көру үшін ғана эфирді тамашаладым", - деп жазды олар.




Көрілген: 1439    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.12.2021, 02:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31