Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Тұрсынбек Қабатов – «Хабар» агенттігінің креативті продюсері болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews ақпарат порталы. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің төрағасы Берік Уәли әлеуметтік желіде жариялады. 

"Белгілі өнер қайраткері Тұрсынбек Қабатов бүгіннен бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның креативті продюсері ретінде қызметке кірісті. 

Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез-келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегі айтып жүретіні белгілі. Оның ішінде отандық телеарналардағы «Әзіл әлемі», «Көңілді тапқырлар алаңы» сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие" - деп жазды Берік Уәли.

Сондай-ақ, оның айтуынша «Хабар» арнасындағы Тұрсынбек Қабатов жүргізген «Жұп-жұбымен», «Cover show» сияқты жобалар да жоғары нәтиже көрсетіп, Агенттік үшін табысты хабарлардың біріне айналған. 

"Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады. 
Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз", - деді  "Хабар" АҚ Басқарма төрағасы.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста