Жұлдызды жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатовтың басы тағы дауға қалды

  • Тұрсынбек Қабатовтың басы тағы дауға қалды

    Тұрсынбек Қабатовтың басы тағы дауға қалды

Бұған дейін адам қақты деген күдікке ілінген Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі тағы да көлік тізгініне отырды. Полиция оны мас күйінде көлік басқарып, жылдамдық асырғаны үшін ұстаған.

Ол белгілі әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанованың 2019 жылғы Cadillac Escalade көлігін басқарған, деп хабарлайды "Көкшетау Азия".

2019 жылдың 13 қазанында Ақмола облысындағы елді мекен тасжолында жол апаты болды. Алған жарақат салдарынан 34 жастағы Ерлан Омарқұлов көз жұмды. 

Кейін көлік Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екені туралы ақпарат шықты. Алайда оқиға болған күні рөлде әзілкештің көмекшісі отырған. Кейін әзілкеш ақпаратқа түсініктеме берді.

Ол көмекшісі көлік сұрағанын айтты. Оның жүргізуші куәлігін бұған дейін көргендіктен, көлік кілтін берген.

"Сол жерде болмасам да, "көлік сенікі ғой" деп кінә тағып жатқандар болса, кешірім сұраймын. Бірақ көліктің ішінде болған емеспін. Сіздерге айтарым осы", &ndash деді Тұрсынбек Қабатов.

Осы оқиға салдарынан ұлынан айырылған ана істің әділ жүргізілмегенін айтқан болатын.




Көрілген: 4856    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31