Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тұрсынбекке бес бала сыйлаған әйелі қымбат көліктен дәмелі екенін айтты

16 сәуір 2019, 14:00

Бейбіт төртінші ұлын босанған кезде Тоқтар Серіков оған елордадан 5 бөлмелі пәтер алып беруге уәде берген еді. Әнші берген сөзін әлі орындап үлгермеген. Сол сияқты Тұрсынбек Қабатов та көптен бері келіншегіне уәде етіп жүрген сыйлығын әлі алмапты.

Тұрсынбекке бес бала сыйлаған әйелі қымбат көліктен дәмелі екенін айтты

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыдан бірнеше ай бұрын бесінші перзентін дүниеге әкелген жұбайына Тұрсынбек Қабатов қымбат маркалы көлік алып беруге уәде беріпті.

"Сыйлығы - көлік, уәде берді. Бірақ әлі алған жоқпыз. Маркасын сосын көре жатармыз. Мен қатты дүниеге қызығатын адам емеспін. Қарапайым киінемін, бір көлік алсам, 5-6 жыл жүре беремін. Үйге, оның ішінде жиһаз бен ыдыс-аяққа қатты мән беремін. Қонақ шақырғанда ерекшелікті жақсы көремін. Жұртты қайталамауға тырысамын. Салат, тіпті бешбармағыма дейін бөлек болады.
Өзіме келгенде қарапайыммын. Киімге, көлікке, гауһар тасты әшекейлерге, ештеңеге қызықпаймын", - деп ағынан жарылды актердің жары Мөлдір Мұқанова.

Әйткенмен әзілкештің әйелі екінің бірі міне бермейтін қымбат тұлпардан дәмелі екенін жеткізді. Сөз беріп, құлағын көтеріп қойған тағы да Тұрсынбектің өзі.

"Негізі былтыр 35 жас туған күніме Range Rover-дің соңғы шыққан моделін уәде берген. Ол кезде өзім алғызбай қойдым. Енді осы босанғаннан кейін "қандай сыйлық жасайын?" деді. Соны есіне түсірдім", - дейді ол.