Жұлдызды жаңалықтар

«Тым жалаңаштап көрсеткен сияқты...»: қазақтар «Айканы» талқылап, Самалды танып жатыр

  • «Тым жалаңаштап көрсеткен сияқты...»: қазақтар «Айканы» талқылап, Самалды танып жатыр

    «Тым жалаңаштап көрсеткен сияқты...»: қазақтар «Айканы» талқылап, Самалды танып жатыр

«Жолы ашылмады... қолы жүрмеді... бір проблемадан бір проблемаға тап болды... Зорлық пен қорлықты көрді... Тіпті, өзі айтпақшы, зорлап та кетті...».

Қазақ көрермендеріне өзінен бұрын дүбірі жеткен «Айка» көркем фильмі қазір қызу талқыға түскен. Әсіресе, әлеуметтік желілерде белгілі қаламгерлер алған әсерлері мен сын-пікірлерін қарша боратып жатыр. Біз соның ішінен жазушы, драматург Думан Рамазанның facebook парақшасындағы жазбасын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Кеше Сергей Дворцевтің «Айка» фильмін көрдім. «Нашар дүние!» деп кесіп-пішіп айту қиын. Бір мәрте көруге болады. Тартады, жетелейді... Өкініштісі, «Енді не болар екен?» деп алаңмен отырғанда, шолтаң етіп бітті де қалды.

Сөз жоқ, Самал (Еслямова) қарындасымыз өте жақсы ойнады. Шеберлігі жетілген талантты актриса екендігін дәлелдеді. Перзентханадан қашып шыққаннан кейінгі жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы... эмоциясы... жан дүниесіндегі арпалыстарын ашудағы іс-әрекеттері... жүзіндегі, көзіндегі ұшқындар... бәрі... бәрі сенімді шыққан... Қалтаң қағып, қалтақтап жүрісіне дейін көңілде жылы әсер қалдырады... Тек кейбір сәттерде ғана сәл күдік-күмән туғаны болмаса...

Канн фестивалінде Самал қарындасымызға «Ең үздік әйел бейнесі» жүлдесінің дұрыс берілгеніне көзіңіз жетеді. Ал қалған артистердің бірде-бірі өз рөлдерін дұрыс сомдай алған жоқ. Артистер емес, көшеден жинап алған қарапайым адамдар сияқты сезімде қаласыз. Тіпті, Самалға берген қарызын талап етіп тұрған жігіттің шынымен ақша сұрап тұрғанына сенбейсіз. Ойыны түк сендірмейді. Қосалқы кейіпкерлердің бәрі солай. Оңып тұрғаны жоқ.

Иттерді емдейтін емханадағы көріністер жақсы. Әсіресе, дәрігердің иттерді қарап, емдеп-домдап жатқаны әдемі ойластырылған. Кейбір адамдардың ит құрлы қадір-қасиеті жоқтығын ашу үшін қолданылған әдемі детал. Мәскеуліктердің келімсектерге қарағанда иттерге дұрыс қарайтынын ашып көрсеткен. Емханадағы ауру баласы бар қырғыз әйелдің де тағдыры көрерменді бей-жай қалдырмас. Аянышты, өте аянышты...

Адамдардың қатыгездігі, қайырымсыздығы, мейірімсіздігі, әрине, ойлантпай қоймайды... Айка арман қуып үлкен шаһарға келді, сол мақсат-мұраты жолында басын бәйгеге тікті, бизнес ашу үшін қарыз алды, соны өтеу үшін тіпті баласын да саудаға салғысы келді... Әрине, мәжбүрліктен... Жолы ашылмады... қолы жүрмеді... бір проблемадан бір проблемаға тап болды... Зорлық пен қорлықты көрді... Тіпті, өзі айтпақшы, зорлап та кетті...

Фильмнің аяғы шолақ қайырылған сияқты. Әрине, бәрі түсінікті. Емізгеннен кейін ішін жарып шыққан сәбиін қимай қалды... (Онда неге қиналмастан перзентханада тастап кетті деген ой туады). Жарайды, аяқ-астынан болса да (?), аналық ақ махаббаты оянды... Оны Самал көзімен-ақ жеткізді. Ары қарай ештеңе айтудың да керегі жоқ.

Бірақ, сонда фильмді осы үшін түсірген бе?! Бұл онсыз да белгілі жайт емес пе?! Әрине, Айкада әлі де мүмкіндіктер бар... Ештеңе де жоғалған жоқ... Жолы ашылып, бағы жанып кетуі де бек мүмкін... Бірақ, бірақ... режиссер неге осыны емеурінмен болса да сездірмеді екен?! Әлде, режиссер Мәскеуді жағалаған келімсектердің (мигранттардың) өмірі мен оларды үлкен шаһардың қалай қабылдайтынын ашып көрсеткісі келді ме екен?

Яғни, өмірдің шындығын ашып көрсету... Бірақ, тым жалаңаштап көрсеткен сияқты... Тек сол үшін ғана көркем туынды тудыруға бола ма? Әйтеуір, бірдеңе жетіспейтін тәрізді... Әлде, дұрыс түйіндей алмады ма екен?! Анау айтқандай керемет кинотуынды болмаса да, бір рет көруге болатын фильм...», - дейді кейіпкер кейпін қағазға көркемдеп түсіре білетін драматург.

 

 




Көрілген: 1795    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.04.2020, 08:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31