Жұлдызды жаңалықтар

«Тыныш қана өле салғаным артық»: кәсіпкер көпшілікке өткір сұрақ қойды

  • «Тыныш қана өле салғаным артық»: кәсіпкер көпшілікке өткір сұрақ қойды

    «Тыныш қана өле салғаным артық»: кәсіпкер көпшілікке өткір сұрақ қойды

Бұған дейін «Ақшасы тамағына, киіміне, баспанасына жетпеген адам – хайуан деңгейінде» деп айды аспанға бір-ақ шығарып, ал жақында эстрада әншілерін шегірткеге теңеген кәсіпкер Ахметбек Нұрсила енді "билік үшін арымды сатқанымнан, тыныш қана өле салғаным артық емес пе?" деп отыр. Бұл жайлы ол, facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның бұлай бұлқан-талқан болып, әлеуметтік желіге жазба жариялауына себеп те жоқ емес. Мәселен, желідегі бір азаматтың оған жазған хаты оның қытығына тигенге ұқсайды. 

"Қазақстанда адал адам қалмаған ба? Бәрі суайт, өтірікші, биліктің табанын жалайтын, не байлық қуған, боқ дүниені жүрегіне түсіріп алған жандарға айналып кеткен бе?


Кеше СЕН ТВ-да Мұхтар Тайжан мен Қанат Оспановтың арасында пікірталас жүргіздім. Аламанда оқыған Шымкенттік Мәди деген азамат: «Мен айналадағы өтіріктен шаршадым. Сіздің ББ-да, менің Зере Презтижімде өтірік. Дебаттағы екеуі де өтірікші. Түбінде бір нәрсе бар, просто так емес» деп хат жазып жіберіпті.

Сонда бұл Қазақстанда «Адам боп келдім өмірге, адам боп өтсем тілегім» деп айта алатын ешкім қалмаған ба? Ондай болғанда шаруамыз біткені ғой? Өтірік айтатындай менің не басыма зорлық келді? Мен біреудің сойылын соғып, біреудің алдында барып жағымсып өмір сүргенше өлгенім артық деп айта аламын. Байлық үшін, билік үшін арымды сатқанымнан, тыныш қана өле салғаным артық емес пе?

Мен «Малым жанымның - Жаным арымның садақасы» деп айтатын азаматтар бар деп ойлаймын. Мен солардың бірімін бауырым Мәди!

Артымда билік не байлық іздеген арам ниетім тұрса Құдай тас төбемнен ұрсын деп айтсам «Неге қарғанасың», адал адам қарғанбау керек деп және сөге бастайсың. Сонда не істеуім керек?

Барлық адамдарды өзіңдей деп ойлама, айналайын бауырым! 

Құрметпен ағаң Ахметбек!", - деп жазып, азар да безер болды.




Көрілген: 2610    Пікірлер: 0

сенбі, 09.05.2020, 13:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30